Главная

Дәулет Тұрлыханов: «Фидахметовтар сөз жоқ, талантты балуандар»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Біріккен күрес Әмірінің мүшесі, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов VKsport.kz сайтының тілшісіне өңірдегі грек-рим күресінің аяқ алысы жайлы ойын ортаға салған еді.

Жарма ауданының Қалбатау ауылында мамырдың 17-18 күндері жасөспірімдер арасында «классикалық» күрестен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне ашық облыстық турнир өткен еді. Айтарлықтай тартысқа толы болды. Осы ретте, сайт тілшісі атағы алысқа жайылған балуаннан бірқатар сұрақтарға жауап алып көрген еді.

 

 – Дәулет аға, ең алдымен, сайыс деңгейіне баға беріп кетсеңіз...

 

 – Биыл екінші мәрте қолға алынды, қатысушылар да жоғары әзірлікпен келіпті. Бірінші кезекте, ұйымдастыру комитетіне алғыс білдіргім келеді. Барлығын жақсы үйлестірген. Бірнеше облыстан қатысушылар келіп, жарыс көркін қыздыруда. Айтар едім, әрбір ата-ана бауыр еті баласын спортқа бергені ләзім. Мейлі, кәсіби түрде айналысып кетпесе де, бастысы, жаман жолдан аулақ жүреді.

 

  – Қазір аймақтағы күрес түрлерінің жалпы дамуы жайлы қандай пікірдесіз?

 

 – Ересектер арасында бірқалыпты дамып келеді. Айталық, Расул Қалиев, Жарма ауданының тумасы. Бұл спортшы Азия чемпионы атанған болатын. Қазір де бабында. Елішілік, халықаралық додаларда сан рет топ жарған. Жуырда ғана Қытай жеріндегі құрлықтық чемпионатта топ жарған Данияр Қайсанов та ертең Әлем чемпионатында жүлде алса, үлкен қуаныш болмақ. Былғары қолғап шеберлері арасында жастар санатынан ересектерге енді өткен Ермахан Жакпековке де зор сенім артылуда.

 

 – Осы грек-рим түрінен сіздің ізіңізді басады деп кімдерді айтуға болады?

 

 – Ел көлемінде айтар болсақ, қыркүйек айында Елордада өтетін кезекті Әлем чемпионатында 60 келі мен 67 келі салмақтағы балуандарға үміт артылып отыр. Зер салып қарасақ, әлемдік додада алтын алмағалы 20 жылға жуық болыпты. Сол ойды теріске шығарып, отандастарымыз тұғырдың ең биігіне көтеріледі деп сенемін. Спортшылар мен бапкерлерге тиісті дайындықтарын жүргізуге бар жағдай жасалған.

 

 – Семейлік Ернұр, Ернар Фидахметовтар халықаралық додаларда өздерін жақсы көрсетіп жүр. Осы спортшылардан қаншалықты үміт күтуге болады?

 

 – Екеуі де сөз жоқ, жас, әрі талантты балуандар. Алайда олардың тәртіптері нашарлап, өткен жылы Ұлттық құрамадан шеттетілген де кездер болған. Бәрі дұрысталып, қазір біртіндеп жаттығуларын бастап келеді. Одан бөлек, өңірімізде бірқатар жас балуандар да тәжірибе жинап келеді.

 

 – Сонда грек-рим күресінде тәртіп басты рөлде ғой?

 

 – Әрине, Ұлттық құраманың ұстанатын қағидасы осы. Одан аттап кеткен жағдайда, шеттетілуің мүмкін. Көптеген жастар қазір оқуда, бірқатары қызметте. Құрама сапында болғандықтан, 12 айдың 8-9 айында спортшы оқу-жаттығу жиындарын болуы тиіс. Әйтпегенде, жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлау қате пікір.

 

 – Алдағы Әлем чемпионатынан жанкүйерлерге қандай нәтиже күтуге болады?

 

 – Асығыс болжамға барудың қажеті жоқ. Ешбір ел осал балуан әкелмейді. Барлығын кілем көрсетеді. Десе де бапкерлер алдында бір алтын медаль алу жоспарға қойылған.

 

 – Дәулет аға, пікіріңізге көп рахмет!

 

 – Сіздерге де рахмет.

Дата и время публикации: 
20.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019