Главная

Джошуа Парк: «Құшақ жая қарсы алғандарыңызға алғысым зор»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Естеріңізде болса, жуырда Елордаға Сингапурден мейман келген еді. Қол күресінен қазақстандық спортшылармен бірге жаттығып, тәжірибе жинақтау мақсатымен.

Желтоқсанның 15-і күні Астанаға Джошуа Парк есімді әскери қызметкер, әрі қол күресінен де қара жаяу емес сингапурлық жігіт ат басын тіреген болатын. Оны қазақы дәстүрге сай, сол жақта тұрып жатқан Еркін Әлімжанов пен Әлижан Мұратов сынды армрестлингтен бірнеше дүркін Әлем чемпиондары күтіп алды. Джошуа бір аптадай тәжірибелі спортшылармен бірге жаттықты. Сол бір апта ішінде қаланың көрікті жерлерін аралап, халықтың қонақжайлылығына да көз жеткізіп үлгерді. Ол желтоқсанның 23-і күні еліне жол тартты. Кейіннен өзінің инстаграм парақшасында Астанадан алған әсері жайлы жылы лебізін жазып жатты.

 – Бұл қаланың ауа-райын, тамағын, осында тапқан достарымды сағынатын боламын. Аз уақыт ішінде өзіме үлкен тәжірибе алып, сапалы дайындық жүргіздім. Құшақ жая қарсы алғандарыңызға алғысым зор, – депті Сингапурден келген қонақ.

Әрине, бірінші кезекте, оған оң қабақ танытып, білгенімен бөліскен шығысқазақстандық саңлақ спортшыларды да атап өткен орынды. Әлижан да, Еркін Қайнулдинұлы да әлемдік армрестлинг сахнасында өзіндік орын алған жандар. Кей спортшылар өзінің жаттығуын жасырып, қыр-сырын көпшілікпен бөліскілері келмей жатады. Бұл тұрғыда жерлестеріміз керісінше, бірлесе өткізген дайындықтан бір нәрсе алып үлгерсін дегендей жайдары мінез танытты.

 

Фото спортшының жеке мұрағатынан

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
24.12.18
Новости
«Торпедо» «размочило» счёт в противостоянии с лучшей командой регулярного чемпионата ВХЛ.
26.02.2020
Прыжки в высоту – наше всё!
26.02.2020
Өткен жылы әлемдік аламанда күміс медаль иеленген Нұрғожа Қайпанов Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Күрес түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионаты туралы ой бөлісті.
26.02.2020
Представительница «Алтай Атлетикс» творит что-то невероятное в столице Белоруссии.
26.02.2020
В Минске завершился первый соревновательный день международной матчевой встречи. Легкоатлеты сборной Казахстана в большинстве своём выступили неудачно.
26.02.2020
Парагвай, Россия, Казахстан, США, Германия, Франция, Великобритания, Кипр – вот далеко не полный перечень стран, представители которых приняли участие в голосовании на нашем портале за звание лучшей волейболистки Высшей лиги ЛЧБ прошлого сезона. Причём все они отдали свои голоса за одного весьма удивительного человека – Ольгу Теренину, сделав её обладателем первой индивидуальной награды в Лиге Чемпионов Бизнеса. Наш корреспондент побеседовал с лучшей из девушек в нашем любительском волейболе, чтобы узнать её не только как спортсменку, но и как человека.
25.02.2020