Главная

Енді паралипимпиада ойындарына құрама жасақталады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде есту қабілеті төмен және тірек-қимыл жүйесі зақымдалған жандар арасында үстел теннисінен облыс чемпионаты өтті. Мұнда финалдық ойындар айтарлықтай тартысты толы болды.

Жаттықтырушылар Алена Кутявина, Анна Мазаева, Ардақ Нұрмағамбетов сынды қатысушыларға ерекше тоқталған еді о баста. Қайткенмен де спорт шеберлері ғой бұлар. Әрбірінің ел чемпионаттарында иеленген жүлделері де едәуір. Атап айтсақ, ұландық Ардақ Нұрмағамбетов 2017, 2018 жылдары елішілік додаларда екінші орыннан түсіп көрген емес. Ендігі мақсаты маусым айында Мысыр елінде өтетін халықаралық іріктеу сайысына қатысу, одан ары Қостанай жеріндегі ауқымды жарыста бақ сынамақ. Осы чемпионатта өзінің қабілетін тағы бір байқап көрді. Бір кезеңде де қарсыласына есе жібермеді. Алена Кутявина да жылдам ойынымен әр кездесуді өз пайдасына шешті. Мұнда сондай-ақ жасөспірімдер де жоғары деңгейдегі ойындар көрсетті. Айта кетер жайт, сырқат деңгейіне қарай, бір жүлделі орынға бірнеше қатысушы жайғасты.

Сонымен, 20-ға жуық спортшы бақ сынаған чемпионат қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

 

Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған ерлер арасындағы қорытынды

 

1. Ардақ Нұрмағамбетов (Ұлан ауданы)

1. Әділхан Тұқтыбаев (Бесқарағай ауданы)

1. Арман Мұхаметуалиев (Өскемен)

 

Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған әйелдер арасындағы қорытынды

 

1.Алена Кутявина (Өскемен)

1.Анна Мазаева (Өскемен)

1.Калима Медейханова (Ұлан ауданы)

 

Есту қабілеті төмен ерлер арасындағы қорытынды

 

1.Берікжан Қажы (Өскемен)

2.Айдос Оразбек (Ұлан ауданы)

 

Есту қабілеті төмен әйелдер арасындағы қорытынды

 

1.Айтолқын Ризабекова (Өскемен)

2.Лязат Бахтиярова (Семей)

3.Ксения Чаплыгина (Шемонайха ауданы)

 

Фото автордікі

 

Дата и время публикации: 
20.04.19
Новости
Вчера поздно вечером в Будапеште завершился первый этап командных соревнований по фехтованию на шпагах. Сегодня будут разыграны награды, однако в дележе медалей сборная Казахстана, увы, не поучаствует.
22.07.2019
Результат, как говорится, налицо. Впрочем, не только на лицо.
21.07.2019
Молодёжная сборная Казахстана поражением завершила выступление на Чемпионате Азии.
21.07.2019
В Будапеште постепенно подходит к концу Чемпионат мира по фехтованию. Двое фехтовальщиков на шпагах из Усть-Каменогорска сумели проявить себя наилучшим образом на этом первенстве.
21.07.2019
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019