Главная

Еркін Әлімжанов «Алтын қоян» турниріне қатыспақ

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық қол күрес шебері, алты дүркін Әлем Чемпионы Еркін Әлімжанов Ресейде өтетін халықаралық жарыста бақ сынауды жоспарлап отыр.

Әйгілі спортшы осыған дейін алты мәрте әлемнің үздік спортшыларын қапыда қалдырып, байрақты бәсекеде топ жарды. Одан бөлек, қарсылас шыдатпаған қаншама халықаралық турнирлері бар. Күршім ауданы, Құйған ауылының тумасы қазір 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүр. Жасы 50-ден асса да, бабы келісіп-ақ тұр. Соңғы жарысы – Түркия жерінде өткен Әлем Чемпионаты. Онда да алтын медаль үшін небір құрыш білекті спортшылардан басым түсті. Өзінің айтуынша, жаттығуды бір сәт те үзген емес. Сондықтан да спорттан алыстау жоспарында жоқ. Ендігі мақсаты – Мәскеуде өтетін «Алтын қоян» аталатын халықаралық сайысына қатысу. Бұл жарысты осыған дейін үш рет ұтқан. Биыл 20-шы рет өткізілмек. Тағы да тұғырдың ең биігінен орын алу бұйыра ма екен? Жерлесіміз өзіне таңсық емес турнирге қатыса ма, жоқ па, оны желтоқсан айында біле жатармыз.

 

Фото автордікі

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
13.11.18
Новости
На Чемпионате Казахстана был установлен ряд новых рекордов манежа имени Ольги Рыпаковой.
25.01.2020
В пятнадцать лет Никита Зиновьев пришел на свою первую тренировку по боксу. Тогда юноша и не думал о том, что этот вид спорта станет для него серьезным увлечением.
24.01.2020
Төрт жерлесіміз Атырау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы ел чемпионатының жартылай финалына шықты.
24.01.2020
Жерлесіміз Ерлан Серікжанов Израиль жерінде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При бәсекесінде күміс медаль иеленді.
24.01.2020
Сборная ВКО заняла второе место в командном зачёте Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике, который состоялся в Усть-Каменогорске на минувших выходных. Хорошо это или плохо? Разбирался наш корреспондент.
24.01.2020
Грек-рим күресінен Әлем чемпионы Бахтияр Байсейтов бірнеше жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстап келеді. Жуырда спорт басылымына Токио Олимпиадасы алдындағы әзірлік жөнінде ойын ортаға салды.
23.01.2020