Главная

Еркін Әлімжанов ел чемпионатына жол тартады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қол күрес әлемінде өзіндік қолтаңбаға ие жерлесіміз Еркін Әлімжанов жақында Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына арнайы қонақ ретінде барады.

Әрине, қонақ ретінде ғана емес, Еркін Қайнулдинұлы өз сөзінде, "мүмкіндігімді байқау үшін қатысып көремін" деген еді. Десе де Әлем чемпионы ретінде шығысқазақстандық саңлақтың алға қойған межесі асқақ. Оның үстіне 2018 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарған сақа спортшы ережеге сай, келесі әлем біріншілігіне, одан бөлек, Азия чемпионатына автоматты түрде жолдама иеленгенін айта кетейік.

 – Ел чемпионатының біршама тартысты өтетіні сөзсіз. Алайда менің қатыспауым мүмкін. Егер қажет деп білсем, өзім үшін бақ сынаймын. Негізі елішілік жарыстарда жоғары салмақтағы алматылық Әділбек Омаровпен күш сынасып көрген жоқ. Айтарлықтай тәжірибелі спортшы, – дейді алты дүркін Әлем чемпионы.

Еркін Қайнулдинұлы бұдан былай 80 келі дәрежесінде өнер көрсететінін айтты. Себебі, 75 келіден кейін бірден 90 келіге көшу спортшылар үшін едәуір тиімсіз еді. Осы орайда, еліміздің тарапынан жасалған өтініш негізінде, әлемдік қол күрес Федерациясы 70 келіден соң 80, 90, 100 және 100 келіден жоғары деп салмақтарды орналастырған екен. Сондай-ақ шығысқазақстандық қол күрес шебері әдеттегідей ұдайы тыңғылықты дайындықта екенін жеткізді. Айта кетейік, Талдықорғандағы ел чемпионаты наурыздың 24-і басталады.

 

Фото спортшы тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
20.03.19
Новости
Очередная группа лучших казахстанских легкоатлетов отправилась на предсезонный сбор заграницу благодаря поддержке со стороны Федерации лёгкой атлетики РК.
10.12.2019
Вся эта пресс-конференция была одной большой ошибкой. Александр Струков уже пошумел на всю страну, и шум этот не превратился в огромную волну, которая бы смыла всё на своём пути. И именно сейчас, когда шум превратился в угасающее эхо, в «Торпедо» вдруг решили снова вспомнить об Александре Струкове. Ну, ОК, давайте начнём снова!
10.12.2019
Евгений Рымарев повторил свой личный рекорд результативности за сезон.
10.12.2019
В Лиге Чемпионов Бизнеса стали известны обладатели пятого и седьмого мест.
08.12.2019
В Усть-Каменогорске состоялся очередной, уже четвертый игровой уикэнд в Любительской хоккейной лиге «Кубок Дружбы». В принципиальном матче встретились два усть-каменогорских клуба-фаворита турнира «Крылья Востока» и «Торнадо», а также набирающий ход глубоковский «Иртыш» и «Легион» (Усть-Каменогорск).
08.12.2019
Возвращение легенд, ошибка в прогнозах и неожиданный исход. Всё это – в полуфиналах турнира за пятое место Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса.
08.12.2019