Главная

Қазақ күресінің «қасқыры» Өскеменге келді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Төл спортымыз – қазақ күресінен Әлемнің төрт дүркін чемпионы Айбек Нұғымаров бүгін облыс орталығында өткен VII облыстық IT-фестивальіне арнайы қонақ ретінде қатысты.

Өңірде ғылым мен білімге бет бұрған жастар шаһардағы Борис Александров атындағы спорт сарайында бас қосты. Нақтырақ айтсақ, мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО-ның студенттері. Әрбірі өздерінің тың жобаларын ұсынып, ғылымға үлес қосатындай, тіпті, адамдардың тұрмысына қажетті еңбектерін көпшілікке ұсынды. «Jastar Time – 2019» аталатын ауқымды форумға аймақ басшысы Даниал Ахметов арнайы келіп, әр қатысушының жобасына үңілді. Жай-жапсарын бақылап, оның қандай маңызға ие екеніне сұраныс білдірді. Облыс әкімімен қатар, жас өнертапқыштардың еңбектеріне танымал спортшы Айбек Нұғымаров та іштей баға беріп жүрді. Қазақ күресінен мүмкін болатын жүлденің бәрін иемденген балуанның мұндай заманауи құралдар мен жастардың ынтасына разы болғаны рас. Тіпті, фестиваль соңына қарай өткен марапаттау рәсімінде де кімнің қандай жүлдеге ие болатындығын зер сала тыңдады. Алайда спорт саңлағының уақыты да шектеулі. Әлем чемпионының алдағы өтетін «Қазақстан Барысы – 2019» республикалық турниріне тыңғылықты әзірлік жүргізіп жатқандығын айта кетейік. Әр өңірден екі спортшы қатысатынын ескерсек, Айбекпен бірге өңір намысын Ерасыл Қажыбаев қорғайды. Бұл алыптар, естеріңізде болса, былтырғы өткен додада жүлдегерлер қатарында болды. «Әскері барысы» болып белдескен Ерасыл екінші, ал Айбек жүлделі үштікті түйіндеген еді.

«Қазақстан барысы – 2019» республикалық турнирі маусымның 8-і күні Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде өтпек.

 

Дата и время публикации: 
16.05.19
Новости
«Алтай» выиграл Кубок Казахстана просто деморализовав соперника своим умением держать удар.
22.09.2019
В Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград Кубка Казахстана по волейболу среди женских команд. В довольно странном матче между «Алматы» и «Жетысу» победу одержал более титулованный клуб из Талдыкоргана.
21.09.2019
«Алтай-2» и «Куаныш» разыграли пятое место в Кубке Казахстана по волейболу среди женских команд.
21.09.2019
В первой игре последнего заключительного дня приняли участие сразу три воспитанницы волейбола ВКО.
21.09.2019
Второй полуфинал Кубка Казахстана по волейболу имел просто потрясающую вывеску: самый титулованный клуб в истории страны против команды, которая претендует на побитие этого рекорда. Бурхан Жанболат против своего детища. Аниконова против Сафроновой в очной битве за звание лучшей блокирующей. И такое перечисление можно делать сколько угодно. Приятно, что и сама игра вывеске вполне соответствовала!
20.09.2019
Екатерина Бородай помогла «Иртыш-Казхрому» выйти в финал Кубка Казахстана. Также определились участники матчей за седьмое и пятое места по итогам Кубка Казахстана в Усть-Каменогорске.
20.09.2019