Главная

Кіл мықтылар Президенттік көпсайыстан күш сынасты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде Президенттік қысқы көпсайыс бойынша ҚР Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті.

Сайысқа «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық», өңірлік қолбасшылықтарымен қатар 5573 әскери бөлімі, ҰҰ Әскери институының әскерилері мен курсанттары шаңғыдан 10 шақырым қашықтықта, пневматикалық винтовкадан оқ ату, гір тасын көтеру мен белтемірге тартылу сынды спорттың бірнеше түрінен сайысып, өзара үздіктерді анықтады.

Қысқы спартакиада қорытындысы бойынша шаңғы тебуден үздік өнер көрсеткен Ұлттық ұланның Әскери инстиутының құрамасы бірінші орынды иеленсе, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы екінші орыннан көрініп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды місе тұтты. Сондай-ақ әскери спортшылар гір екісайсынан 68, 73 және 78, 85 келіге дейін, сондай-ақ 85 келіден жоғары салмақта күш сынасты. Спорттың бұл түрінен елордалық 5573 әскери бөлімі бас жүлдеге ие болса, бұл жолы да «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал, ҰҰ Әскери институының құрамасы үшінші орын алды.

Жеңімпаздар кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстар коронавирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілгенін ескереміз.

 

 

Дата и время публикации: 
01.03.21
Новости
Заманында Ауғанстан, Ираннан бастап Жапонияға дейін, Англия, Белгиядан Норвегияға шейін һәм АҚШ пен Мысыр елдеріне сапар шегіп, күрестен түрлі чемионаттарда жүлде алып, французша күрестен де олжа салған даңқты палуанның рухы Өскеменге келгендей болды. Неге екені белгісіз, Қажымұқан Мұңайтпасовтай біртуар балуанның есімі соңғы сәттерде аталмай, мүлде ұмыт қала бастағандай. Рухы дедік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайына даңқты балуанның есімі берілді деген ақпар шыққан-тұғын. Дегенмен спортшылар мен бұқара жұрттың басым көпшілігі бұл жайттан бейхабар. Неліктен? Сайт тілшісі қала әкімдігіне сұраухат жіберіп, тақырыпқа тереңірек үңіліп көрген еді.
15.04.2021
Үржар ауданының тумасы жартылай финалда қырғыз палуанын ұтты.
14.04.2021
Қостанай қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында Тарбағатай ауданының тумасы Айдана Каменова үздік үштіктен көрінді.
13.04.2021
Сборная Казахстана по плаванию приняла участие в Открытом Чемпионате России по плаванию в Казани.
13.04.2021
Команда из Семея никак не может найти ту игру, которая позволяла ей стать главной сенсацией предыдущего тура.
13.04.2021
В городе на берегу Каспийского моря состоялся Кубок Казахстана по художественной гимнастике, главными действующими лицами стали спортсменки с берегов Иртыша.
13.04.2021