Главная

Құрлықтық чемпионатта қарсылас шақ келтірмеді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қол күресінен Қырғызстанда өтіп жатқан XVIII Азия чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетуде.

 

Чолпан-Ата қаласында өтіп жатқан додада шығысқазақстандық қол күрес шеберлері бес алтын және бір күміс медаль қанжығалап үлгерді. Айта кетейік, сайыс маусымның алтысында басталған еді. Мұнда жастар, ересектер, сонымен қатар әйелдер де бақ сынауда. Ел құрамасы сапында Ұлан ауданының өрендері абыроймен өнер көрсетуде. Атап айтсақ, әйелдер арасында 50 келіде Деши Дурсаева оң және сол қол бойынша қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын жүлдеге ие болды. Ақтық сында Тараз қаласынан келген тағы бір отандасымыз Әсел Әбдібектен басым түскен еді. Осы салмақта қола медаль қырғызстандық спортшыға бұйырды. Сол нәтижені жастар арасында жарыс жолына шыққан Ораз Басаров та қайталады. 55 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз екі қолмен де қарсылас шақ келтірмей, осымен Азияның 8 дүркін чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ ерлер арасында 60 келіде өз мүмкіндігін байқаған Владислав Губушкин сол қолдан алтын алып, оң қол бойынша күміс медальді қанағат тұтты.

 

Байрақты бәсеке маусымның 12-не дейін жалғаспақ. Олай болса, жерлестеріміз жүлделер легін әлі де молайта түседі деп сенеміз.

 

 

 

Фото ұйымдаструшылар тарапынан ұсынылды

 


 

Дата и время публикации: 
11.06.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020