Главная

Құрлықтық жарыстан құр қайтпады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлестеріміз Алматыда қол күресінен бірнеше жас ерекшелігі бойынша өткен ашық Азия кубогінде түрлі медальдар жиынтығын иемденіп, сәтті өнер көрсетті.

 Аймақтан Азия кубогіне жол тартқан спортшылардың ұзын-саны – 30. Олардың ішінде жасөспірім қыздар арасында 55 келіде Деши Дурсаева, 60 келіде Тахмина Қожамбердиева, 70 келіден жоғары салмақта Мөлдір Қалиқанова және жасөспірімдер арасында 60 келіде Диас Талапбеков пен риддерлік Николай Мрзагарайев тұғырдың ең биігінен көрінді. Деши кейін қыздар арасында да алдына жан салмады. Күміс жүлде 55 келідегі Никита Хоряков, 70 келі салмақтағы Асылбек Беков, сонымен қатар абсолютті салмақтағы Данил Веньниковке бұйырды. Ерлер арасында 55 келі салмақта әлемнің төрт дүркін чемпионы Ораз Басаровқа ешкім қарсылас атана алмады. Бұдан соң Ораздың жастар арасында да айдарынан жел есті. Оның жеңісті жолын 85 келідегі Дулат Барлықов пен Никита Хомутовский жалғастырған.

 Қыздар арасында 80 келідегі Галина Судгаймер мен Полина Голитвская үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 70 келіде Владислав Губушкин, 70 келіден жоғары салмақта Данияр Тайменов, 60 келі салмақтағы Нина Пономарева сынды қол күрес шеберлері алтын алса, 70 келіде Данияр Айданбек және Дмитрий Пономарев пен Медет Алдабергенов 70 келіден жоғары салмақта жүлдегерлер үштігін түйіндеді.

 Аталмыш аламанға жерлестірімзді білікті бапкер Ерлан Уалиев баптап апарғанын айта кеткен жөн.

 Фото жаттықтырушы тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
09.10.19
Новости
Три дня назад мировое спортивное сообщество просто ахнуло от удивления – впервые в истории человек сумел пробежать марафонскую дистанцию 42 км и 195 м менее чем за два часа. Как оказалось, к этому историческому свершению имеет отношение и Усть-Каменогорск.
15.10.2019
Детский тренер из Усть-Каменогорска отсудил своё право на работу в хоккейной школе «Торпедо» у ТОО «Алма-Сервис».
15.10.2019
Ұлан ауданының тумасы Ерлан Сейілханов Мароккода өткен дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
15.10.2019
«Торпедо» берёт реванш у «Металлурга» благодаря двум шайбам новичка команды и лиги в целом, а также одной шайбе самого преданного игрока клуба.
15.10.2019
После первого тура из-за неявки на игру команды "ТМК" лидером Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса с абсолютными показателями стал "1С-Рейтинг". Вся борьба ещё впереди.
14.10.2019
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019