Главная

Паралимпиадашылар Ақтөбеде жүлдені молынан иеленді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық паралимпиадашылар Ақтөбе қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы еліміздің V Жазғы спартакиадасында сәтті өнер көрсетті.

 Бұл жолы аймақ құрамасы ұзын-ырғасы 18 спортшымен өнер көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған командалар сапында 900-ге жуық паралимпиадашы өз мүмкіндіктерін байқады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клуб» КММ тәрбиеленушілері қоржындарын түрлі медальдармен толықтырды. Нақтырақ айтсақ, спортшылар парапауэрлифтинг, үстел теннисі, жеңіл атлетика, парадзюдо сынды спорт түрлерінен тұғыр сатысына жайғасты.

 Облыстың бірнеше дүркін чемпионы Алена Кутявина үстел теннисінен жекелей сында топ жарды. Осы сында Ұлан ауданының тумасы Ардақ Нұрмағамбетов жекелей есепте күміске қол созды.

 Жеңіл атлеттер де жарады. Өскемендік Айғаным Ермекова 200, 400 метрге жүгіруде күміс, 100 метрге жүгіруде қола жүлде иеленді. Ольга Демченко 100, 200 метр қашықтыққа жүгіруде және ядро лақтыруда екінші орыннан көрінсе, Алтынбек Жұмабаев диск, найза және ядро лақтырудан күміс медаль алды. Қос бірдей риддерлік Александра Ельчанинова мен Сергей Сулейменов ядро және диск лақтыруда жүлдегер атанса, семейлік Ержан Конкиев парадзюдодан 90 келіден жоғары салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Тағы бір семейлік спортшы Марат Әлиасқаров 1500 метрге жүгіруде алтын, ал 800 метрге жүгіруде күміс жүлде еншіледі.

 Жармалық Зарина Примак парапауэрлифтингтен 86 келіден жоғары салмақта күміс, семейлік Динара Құсайынова 79 келіден жоғары салмақта қоланы қанағат тұтты. Үстел теннисінен Алена Кутявина мен Анна Мазаева жұбы командалық сында үздік шықса, семейлік Айдана Сиязова жеңіл атлетика бойынша, оның ішінде диск, найза және ядро лақтырудан алдына қара салмай, үш алтын медальды мойынға тақты. Сондай-ақ ядро және диск лақтыру сынында өскемендік Серік Қабышев екі қола жүлдемен қоржынын толықтырды.

 

 Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
19.09.19
Новости
Три дня назад мировое спортивное сообщество просто ахнуло от удивления – впервые в истории человек сумел пробежать марафонскую дистанцию 42 км и 195 м менее чем за два часа. Как оказалось, к этому историческому свершению имеет отношение и Усть-Каменогорск.
15.10.2019
Детский тренер из Усть-Каменогорска отсудил своё право на работу в хоккейной школе «Торпедо» у ТОО «Алма-Сервис».
15.10.2019
Ұлан ауданының тумасы Ерлан Сейілханов Мароккода өткен дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
15.10.2019
«Торпедо» берёт реванш у «Металлурга» благодаря двум шайбам новичка команды и лиги в целом, а также одной шайбе самого преданного игрока клуба.
15.10.2019
После первого тура из-за неявки на игру команды "ТМК" лидером Высшего дивизиона Лиги Чемпионов Бизнеса с абсолютными показателями стал "1С-Рейтинг". Вся борьба ещё впереди.
14.10.2019
Самые яркие высказывания о старте нового сезона любительского волейбола Усть-Каменогорска.
14.10.2019