Главная

Ризабек Сармулдинов: «Бұл спортшыға қарап, әрбір жас бой түзеуі тиіс»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен армрестлингтен Әлем Чемпионатында алты мәрте топ жарған шығысқазақстандық спортшы Еркін Әлімжановпен кездесу өткен болатын.

Студенттік шағында жүріп, оның мұндай биік белесті бағындыруына ұстаздарының үлесі орасан болған екен. «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша білімін пысықтап жүргенде, осы пәннен Ризабек Сармулдинов сабақ беріпті. Туған өлкесіне анда-санда бір ат басын бұратын шәкіртінің облыс орталығында екенін естіген ұстаз, онымен жүздесуге арнайы келген.

Еркін Қайнулдинұлы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында өмірге келгенімен, бес жылдан бері Астанада тұрып жатыр. Орта жастан асса да, өзін жақсы сезінеді. Байрақты бәсекелерге сол жақта дайындалады. Кездесуге ұстазы ғана емес, сол «дене шынықтыру» мамандығы бойынша оқитын талантты спортшылар да келді. Жай ғана талантты емес, спорт шеберлері мен спорт шеберлігінен үміткер жастар.

 – Жеңісті жолыңды студенттеріміз жалғастырып келеді. Алғашқы легі биыл өткен Азия Ойындарына да қатысып үлгерді. Одан бөлек, бокс пен қол күресінен де мақтан тұтар жастарымыз жетерлік. Еркін тек армрестлинг емес, гір, волейбол спортынан да алдына жан салмайтын. Қазір тіптен, 50-ден асқан шағында Әлемді мойындатып отыр. Әрине, өз студентім болған соң, жеңіске жеткен сайын біз де марқайып жүреміз. Сол себепті, осы білім ошағында оқып жүрген әрбіреуі осы жанға қарап бой түзеулері тиіс, – деді Ризабек Сармулдинов.

Айта кетейік, Еркін Әлімжанов жуырда Түркия жерінде өткен қол күресінен Әлем Чемпионатында 75 келі салмақта топ жарып, өз салмағында әлемде теңдессіз екенін алтыншы рет көрсетті.

 

Фото автордікі

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
02.11.18
Новости
На Чемпионате Казахстана был установлен ряд новых рекордов манежа имени Ольги Рыпаковой.
25.01.2020
В пятнадцать лет Никита Зиновьев пришел на свою первую тренировку по боксу. Тогда юноша и не думал о том, что этот вид спорта станет для него серьезным увлечением.
24.01.2020
Төрт жерлесіміз Атырау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы ел чемпионатының жартылай финалына шықты.
24.01.2020
Жерлесіміз Ерлан Серікжанов Израиль жерінде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При бәсекесінде күміс медаль иеленді.
24.01.2020
Сборная ВКО заняла второе место в командном зачёте Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике, который состоялся в Усть-Каменогорске на минувших выходных. Хорошо это или плохо? Разбирался наш корреспондент.
24.01.2020
Грек-рим күресінен Әлем чемпионы Бахтияр Байсейтов бірнеше жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстап келеді. Жуырда спорт басылымына Токио Олимпиадасы алдындағы әзірлік жөнінде ойын ортаға салды.
23.01.2020