Главная

Рухы биік жандар жарысы

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде тірек-қимыл жүйесі зақымдалған және көру қабілеті төмен жандар арасында пара пауэрлифтингтен облыс чемпионты өтті. Оза шапқандары аймақ құрамасына алынады.

«Олимпиец» спорт кешеніне ұзын саны 34 спортшы жиналды. Алты команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Қатысушылар алдымен дене қыздырып, зілтемірге ақырындап бой үйрете бастады. Төреші белгісінен соң, жеңіл салмақтан бастап өздері тапсырыс берген салмақтарын бағындыруға қарай беттеді. Көрермен ықыласы 79 келі салмақтағы семейлік Динара Құсайынованың өнеріне ерекше ауды. Ол да өз кезегінде үш мүмкіндігін сәтті пайдаланып, бабында екендігін көрсетті. Одан ары ауыр салмақтағы жармалық Зарина Примак сенімді өнер көрсетті. Айта кетейік, бұл жарыс Зарина Примак үшін алдағы Әлем чемпионаты алдындағы әзірліктің бірі еді. Жарма ауданының өкілі маусымның 12-20 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлемдік додада ел намысын қорғайды. Ал бұл жерде Зарина үшінші мүмкіндігін 67,5 келімен аяқтады. Ерлер нәтижесіне келсек, көрсеткіштері тәп-тәуір. Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған қатысушыларда 72 келі салмақта тартыс орын алды. Алтай ауданының өкілі Сергей Антропов пен өскемендік Аслан Тоқаевтың нәтижесі 80 келі болды. Төрешілер бұл жерде таразы дерегіне назар аударуды жөн көрді. Сөйтіп, тек жүзден бір грамм салмағы жеңіл болған Антроповтың мерейі үстем болды. Одан бөлек, семейлік Сергей Струков спорт шеберлігіне үміткен нормативін орындады. Барлығы бірдей жүлде ала алмады. Десе де, мұнда ешқайсысы жеңілмеді. Тағдырдың қаталдығына мойынсұнбай, жігер мінез көрсете білген олар талай жастарға үлгі болуда. 

Пара пауэрлифтингтен облыс чемпионатының үздіктері төмендегідей анықталды:

 

Әйелдер арасында 61 келі салмақ (көру қабілеті төмен)

 

1. Ольга Близнец (Семей) 32 келі

 

73 келі салмақ (тірек-қимыл жүйесі зақымдалған)

 

1. Әлия Кенченбаева (Өскемен) 42 келі

 

79келі салмақ 

 

1. Динара Құсайынова (Семей) 55 келі

2. Александра Ельчанинова (Риддер) 40 келі

 

+86 келі салмақ 

 

1. Зарина Примак (Жарма ауданы) 67,5 келі

 

Ерлер арасында 65 келі салмақ (көру қабілеті төмен)

 

1. Руслан Байгукшинов (Риддер) 80 келі

 

72 келі салмақ

 

1. Жанат Асубаев (Семей) 80 келі

 80  келі салмақ   

 

1. Александр Агафонов (Семей) 90 келі

2. Олег Щепетин (Семей) 87,5 келі

 3.Ағыбек Әбілқасымов (Семей) 85 келі

 

88 келі салмақ

 

1. Андрей Москалев (Семей) 122,5 келі

2. Игорь Коновалов (Семей) 82,5 келі

3. Серікбек Айсаулин (Семей) 80 келі

 

97 келі салмақ

 

1.Рустем Бұланбаев (Семей) 97 келі

 

+107 келі салмақ

 

1. Тілек Өжет (Ұлан ауданы) 70 келі

 

Тірек-қимыл жүйесі зақымдалған жандар арасында, 49 келі салмақ

 

1. Дархан Мақашов (Семей) 70 келі

2. Ермек Қанапиянов (Өскемен) 67 келі

3. Ержан Тастамбеков (Семей) 40 келі

 

54 келі салмақ

 

1.Сергей Струков (Семей) 95 келі

 

65 келі салмақ

 

1.Қанат Жапарханов (Өскемен) 75 келі

2.Сайран Қасенов (Ұлан ауданы) 65 келі

3.Шалқар Жекебаев (Өскемен) 57 келі

 

72 келі салмақ

 

1.Сергей Антропов (Алтай ауданы) 80 келі

2.Аслан Тоқаев (Өскемен) 80 келі

3.Төлеген Сәбитов (Ұлан ауданы) 70 келі

 

80 келі салмақ

 

1.Амангелді Әлиев (Семей) 97,5 келі

 

88 келі салмақ

 

1.Павел Семенов (Алтай ауданы) 80 келі

 

Фото автордікі

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
12.04.19
Новости
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019
Сборная Казахстана (U23) проиграла в четвертьфинале молодёжного Чемпионата Азии хозяйкам площадки.
20.07.2019
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019