Главная

Саңлақтарға сый-құрмет көрсетілді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жыл көлемінде айтарлықтай табысқа жетіп, өз саласында озық шыққан жандарға қала тұрғындары атынан құрмет танытты.

Бұл ақпарат қазақ күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы Айбек Нұғымаровтың инстаграм парақшасында жазылған. Меймандар ішінде спортшылар ғана емес, ақын, әртіс, одан бөлек, қазақ прозасында фантастикалық бағытта қалам сілтеп жүрген танымал жазушы Медеу Сәрсеке де бар екен. Жазушы осыған дейін мемлекеттік марапатқа ие болған болатын. Салтанатты жиын кезінде аймағымызға, елге танымал жандар арнайы марапаттарға ие болды. Олардың қатарында ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов, «Семаз» ЖШС-нің директоры Әсемхан Досқожанов, «Роза» ЖШС-нің директоры Альбина Ахметова, сондай-ақ ақын Мерей Қарт болды. Қала әкімі өз саласында үздік шыққан баршасына алдағы уақытта тек сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірген екен.

Фото Айбек Нұғымаровтың мұрағатынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
28.12.18
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021