Главная

Сингапурден келіп сабақ алуда

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бұл күндері Астанада жергілікті қол күрес шеберлерімен бірге шетелдік спортшы дайындық жүргізуде. Отандастарымыздың соңғы жылдары әлемдік додаларда атой салып жүргеніне таңдай қағып, соның сыры неде екенін білуге келіпті.

Есімі Джошуа Парк. Жасы 24-те. Сингапурде әскери қызметте екен. Өзінің айтуынша, Әлем чемпионаттарының бірінде ол жерлесіміз Әлижан Мұратовпен шеберлік байқасып көріпті. Айта кетейік, Әлижан Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының тумасы. Азия, Әлем чемпионаттарында жүлде алып, топ жарып жүрген өрен. Сол жарыста сингапурлық спортшының Әлижандай Әлем чемпионына қарсы тұру ықтималдығы төмен болды. Жеңілсе де, онысынан сабақ алып, қателікпен жұмыс жасап келіпті. Содан бері қазақстандық спортшылардың аяқ алысын үнемі қадағалап жүр.

Естеріңізде болса, қазір Астанада Әлижан Мұратов пен Еркін Әлімжанов сынды екі бірдей жерлесіміз тұрып жатыр. Қол күресінен әлемдік жарыстарда өзіндік орны бар саңлақтар. Әлеуметтік желі арқылы Джошуа шығысқазақстандық қол күрес шеберлеріне олармен бірге жаттығуға ықылас білдіріпті. Қанында қонақжайлылығы бар спортшыларымыз оны күтіп алып, ізін суытпай, бірлесе дайындықты бастап кетті. Сингапурлық мейман өз елінде аталмыш спорттың үлкен қарқын ала қоймағанын жеткізді. Мемлекет тарапынан қолдау жоқ екен. Армрестлингке ден қойғандар көбінде тренажерлік залдарда жаттығып, үстелде өзара күш сынасуға аса қатты мән бермейді екен. Еркін Әлімжановтың айтуынша, Джошуаның жүзінен осындай жаттығу ырғағына айтарлықтай таңданыс байқалған. Алдымен жеңілдеу салмақтан бастап, біртіндеп темірге ауырлау дискілер қосыла түсті. Бұл жерде жаттығу темірін көтеріп қана қоймай, оны түсірген кезде де асықпай әрекет ету керек. Сонда әсері жоғары болады. Одан ары белтемірге тартылу, үстелдегі күштік жаттығулар рет-ретімен жалғасын тауып жатты. Қолдың көмегімен ғана арқанға көтерілу де оңай іс емес. Жаттығу соңына қарай, мейман шаршай түскен...

 – Бұл спортқа деген ынтасы жоғары екен. Өз елінде біраз жетістікке жетіпті. Алайда біз жақта мұндай жетістігі бар спортшыларға орта деңгейден жоғары деген баға беруге болады, – деді Еркін Қайнулдинұлы.

Қазір Джошуа әлі Астанада. Ол желтоқсанның 15-інен бері Елордада екен. Өзінен мықтылармен жаттығу жасау үшін, еңбек демалысын да осыған орай алыпты. Еркін Қайнулдинұлының айтуынша, Сингапурден келген қонақ желтоқсанның 23-і күні елге қайтатын көрінеді.

 

Фото спортшы тарапынан ұсынылды

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
21.12.18
Новости
Усть-каменогорское «Торпедо» впервые в своей истории не примет участие в российском хоккейном сезоне.
11.08.2020
Если раньше усть-каменогорский волейбол славился наличием настоящей кубинской диаспоры, то теперь, похоже, в Усть-Каменогорске формируется диаспора сербская.
10.08.2020
Уроженец Усть-Каменогорска Антон Худобин провёл второй полный матч после возобновления сезона НХЛ и принёс «Даллас Старз» первую победу в групповом раунде.
10.08.2020
Острый конфликт между тренерами Восточно-Казахстанской школы высшего спортивного мастерства (ВКО ШВСМ) по зимним видам спорта и ее директором дошел до суда. Газета "Караван", похоже, "назначила" виновного в тезисе, вынесенном в заголовок.
07.08.2020
Ольга Рыпакова проводит сбор в Усть-Каменогорске с именитым персональным тренером.
07.08.2020
Почему хоккейная школа «Торпедо», ныне находящаяся под игом ТОО «Алма Сервис» не сможет в ближайшем будущем выдавать на гора классные кадры?
07.08.2020