Главная

Әскерилерге әдістемелік сабақ өткізілді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еліміздегі спорт күнін атап өту аясында тамыздың 20-сы күні ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде ШҚО президенттік көпсайыс федерациясы Президенті Леонид Саковский мен президенттік көпсайыстан облыстың аға жаттықтырушысы Владимир Гуляшовтың тізе қосуымен нұсқаулық-әдістемелік сабағы өткізілді.

 Шараға Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, сондай-ақ 5518 және 3477 әскери бөлімдері офицерлері қатысты. Жүргізілген сабақ барысында түрлі қашықтықтарға (100 метрге, 1 шақырымға, 3 шақырымға) дұрыс жүгіру техникасы туралы сұрақтарға жауап беріліп, белтемірде тартылудың оңтайлы жолдары көрсетілді.

 Аталған теориялық сауалдармен бірге қатысушылар қысқа және орта қашықтықтарға жүгіру туралы бағыт-бағдар алып, дайындық барысында дұрыс қимыл-қозғалыс жасауға дағдыланды. Күнделікті жұмыста негізгі саналатын дене шынықтыру жаттығуларын жан-жақты меңгерді. Бұл шара білікті мамандар мен әскери қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас орнатып, әскерилерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Жеке құрамның жаттығуларды орындаудағы әдіс-тәсілдеріне де баса назар аударылды.

 – Нұсқаулық-әдістемелік сабағы жасақ командирлері біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдау, ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын дұрыс орындауға мүмкіндік береді, – дейді ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спорт және дене дайындығы басшысы, майор Бауыржан Дарыбаев.

 Іс-шара мәресіне жеткен соң меймандар салтанатты түрде ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтановтың атынан мадақтама қағаздарына ие болды.

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
21.08.19
Новости
После стартового игрового дня усть-каменогорский "Алтай" имеет самые убедительные статистические показатели и занимает первое место в группе "А", хотя по составу участников параллельная группа будет посильнее.
15.09.2019
Сайт VKsport.kz с радостью делится впечатлениями от первого соревновательного дня Кубка Казахстана по волейболу среди женщин. В течение дня мы будем добавлять информацию сразу после окончания встреч, так что обновляйте страницу почаще и не покидайте пределов нашего портала.
15.09.2019
Қыркүйектің 11-13 аралығында Өскемендегі ҚР "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери базасында әскери техникаларды жүргізу бойынша ел чемпионаты өтті.
15.09.2019
В преддверии стартующего завтра Кубка Казахстана знакомим вас с ещё одной новенькой волейболисткой «Алтая».
14.09.2019
Ещё в 2015 году в столице лыжных гонок нашей страны было запланировано строительство парка Первого президента Республики Казахстан. Однако к делу так и не приступили.
13.09.2019
Столица Дании превратится в эпицентр мирового стайерского бега с более чем 25000 участников из всех уголков мира.
13.09.2019