Главная

Сыйақы сол қалпы

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Wrestling_world күрес парақшасында Олимпиада ойындарында топ жарып, жүлдегер атанған спортшыларға өз елінде қандай көлемде сыйақы тағайындылатыны жарияланды.

Мамандар кейбір елдердің өз спортшыларын лайықты деңгейде бағаламайтындықтарын айтуда. Ол жақтарда валюта бағамының құндылығы әралуан болғандықтан билік басындағылардың бекіткен сомасы орынды да шығар. Дей тұрғанмен мысал етілген мемлекеттер ішінде қазақстандық спортшыларға тағайындалатын сыйақы ең жоғары. Алтын медаль иеленген атлетке 250 мың доллар табысталуы спорт державасы саналатын АҚШ пен Ресейдегі сандардан біршама жоғары. Ал Әзірбайжан елі елімізді біршама өкшелеп қалған. Ол жақта чемпиондарға 248 мың доллар берілсе, күміс және қола медаль еншілегендер 124 және 62 мың долларға ие болмақ. Қазақстанда бұл тұрғысынан 150 және 75 мың доллар табыс етіледі. Айта кетейік, елімізде үздік үштікке ілінгендер үшін бекітілген сыйақы көлемінің мұрты бұзылмай келе жатқанына талай жыл болды.

Дата и время публикации: 
15.07.21
Новости
Алдымен Ресей, Армения, Грузия, Тәжікстан, сосын басқа да мемлекеттер… Осы елдердің атлеттерін жолынан ығыстырып, бапкерлер сеніміне кірмесең ірі додаларға жол тартуың екіталай. Сонау 1965-85 жылдары әсіресе жаһандық қай жарыс болсын социалистік республикалар одағының айдарынан жел есіп, алдыңғы қатардан көрініп жүргенін ешкім жоққа шығара қоймас. Соның ішінде, қазақтың болмысына бітіп, оң жамбасына келетін күрес, бокс, самбо сынды білек күші сыналар спорт түрлерінде бәсеке алауы айрықша қызатын. Ал қайтпастық қанына сіңген сайын дала ұландары әлемдегі атағы жер жарған талай мықтыға тойтарыс бергендіктері спорт тарихына алтын әріптермен жазылған. Бірнеше спорт түрін қатар алып жүріп, таңдай қақтырар нәтиже көрсеткен Ұлан ауданының тумасы Жексен Икамбаевпен емен-жарқын әңгімелесудің сәті түсті.
22.07.2021
Жуырда ғана жерлесіміз Нұрәлі Советқанов Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.
22.07.2021
Маргарита Торлопова прокомментировала известный казус.
21.07.2021
Шығысқазақстандық палуан Венгрия астанасы Будапеште өтетін Әлем чемпионатында 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды
19.07.2021
В преддверие старта Олимпийских Игр в Токио интервью нашему порталу дал руководитель управления физической культуры и спорта ВКО Досжан Уалханов, который подытожил работу спорта ВКО в течение последних пяти лет, заглянул в будущее и поделился своими ожиданиями от выступлений наших атлетов на главном старте четырёхлетия.
17.07.2021
Өскеменде 12-14 шілде аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери-спорттық кешеннің көпсайысы бойынша оқ ату және жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.
16.07.2021