Главная

Тұңғыш сайыс тартысқа толы болды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қыркүйектің 11-13 аралығында Өскемендегі ҚР "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери базасында әскери техникаларды жүргізу бойынша ел чемпионаты өтті.

Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған додаға он команда қатысты. Атап айтсақ, «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық», 5573, 5570, 6654, 6636, 3656 және Ұлттық ұланның әсери институты. Аталмыш сайыс Ішкі істер қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Габдулхак Чокушевтың бастамасымен қолға алынғандығын айта кетейік. Мұнда командалар "Үздік жүргізуші" және "Үздік БТР экипажын" анықтауда өзара шеберлік байқасты. Әр экипаждың олылықтарға бой алдырмай, жарыс жолын өзгелерден жылдам жүріп өтулері басты назарға алынды. Иә, бастапқыда күн райының бұзылып, аспанды бұлт торлағаны рас. Ара-тұра аңызақ жел соғып, біршама суытып та кетті. Десе де қаз-қатар тізілген әскери техникалар бірінен соң бірі жарыс жолын жүріп өткенде жиналған жұрт тоңазығанды ұмытып, белсенді жанкүйер болып кетті.

– Кімнің топ жарып жүлде алатынын бәсеке көрсетеді. Бұл жердегі жауынгерлердің біршамасы үлкен тәжірибеге ие, тіпті кейбірінің әлеуеті халықаралық деңгейде десем артық айтпаспын. Әрине, бабы мен бағы қатар шапқан әскерилердің жүлде алары белгілі, дегенмен үздік үштікке нақты осылар енеді деп айту қиын, – деді генерал-майор Сағатбек Нұрахметов.

 Алғаш болып әр өңірдің әскерилері БТР көлігімен кедергілерден өтіп, алыстағы нысанаға дөп тигізулері тиіс-тін. Бұл тапсырманы баршасы бірдей орындай алмады. Сөреден екінші болып шыққан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тек бір рет тигізсе, кейбірі нысадан мүлде мүлт кетті. Маңыздысы сол, үшінші реттілікпен өз мүмкіндігін байқаған жергілікті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері жоғары дайындық жүргізгендіктерін байқатып, берілген үш мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. Бақылаушы Руслан Бекенов қырағылық танытып, жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Тау бөктерінде отырып сайысты тамашалаған өңірдегі сарбаздар ұранға басып «Жарайсыңдар!» деп қолдаулар легін күшейте түсті. Онымен қоса, кедергілердің бірі саналатын судың тереңдігі 3 метрден асатынын айта кетейік. Қатысушылар жаттығу барысында моторды өшіріп алмай, суда қалып қоймаулары керек. Бұл ретте көпшілігі қателікке бой алдырмады. Сонымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері осы межелердің барлығынан ойдағыдай өтіп, жеңіске деген сенімді қадам жасаған. Бұдан бөлек, өңірлік қолбасшылықтың жүргізушілері және ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен үздік жүргізушілер де нағыз тартысты көрсетті. Бір айта кетерлігі, жарысты бірінші болып бастаған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мінген «КамАз» көлігі кедергілерді, ирек жолдарды еш қиындықсыз әрі жылдам жүрді. Қас-қағым уақыт ішінде жылдам жүйіткіп, санаулы минуттар ішінде жарыс жолымен ағып өтті. Бұдан кейін мұндай нәтижені ешкім қайталай алмады. Себебі, жерлестеріміз ешбір олқылықтарға  жол бермеген болатын.

 Сонымен, үш күнге созылған аламанда жеңімпаз бен жүлдегерлер төмендегідей жайғасты.

 

«Үздік жүргізуші» аталымы:

1. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы (73 ұпай)

2. 6654 әскери бөлімі (71 ұпай)

3. 5573 әскери бөлімі (70 ұпай)

 

«Үздік БТР экипажы» аталымы:

1. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы (114 ұпай)

2. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы (105 ұпай)

3. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы (103 ұпай)

 

Шара соңына таяғанда ұйымдастырушылар, әскери жетекшілер сөз алып, сайыстың өткізілу деңгейіне оң бағасын берді. Кейбірі жоғары шеберлік көрсеткен сарбаздарды «Бүркіт» арнайы жасағына барып қызметсе еш адаспайтындықтарын жеткізді. Осындай өжет оғландардың бірі Сардор Мұхтаров өз нәтижесіне қорытындылап, алған әсерін жеткізді.

– Мұндай көрсеткішке талай төгілген тердің арқасында жеттік. Шыны керек, кедергілердің көптігі қиындық тудырды. Жүріп келе жатып нысанаға көздеу ерекше қиын болды. Әр жылы жүлде алып келемін, соның ішінде биыл топ жарудың сәті түсті, – дейді 3477 әскери бөлімінің экипаж командирі.

 

Дата и время публикации: 
15.09.19
Новости
В Усть-Каменогорске определился чемпион и призёры первенства Казахстана по лёгкой атлетике в мужском многоборье.
18.01.2020
Швейцария может выдохнуть спокойно – весь золотой запас этой страны не будет вывезен в Усть-Каменогорск, ведь этап Кубка Европы по могулу в Айроло вчера завершился.
18.01.2020
Второй соревновательный день первенства страны в помещении открыли ходоки, которые соревновались на дистанции 5000 м.
18.01.2020
Результаты первого соревновательного дня Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике.
17.01.2020
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
17.01.2020
На Чемпионате Казахстана по лёгкой атлетике в Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград.
17.01.2020