Главная

Ұландықтар самбодан сайысқа түсті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
​ Өскеменде 5518 әскери бөлімі базасында «Самбо» күресі бойынша Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне арналған жеке жарыстар өтті. Сайыста​ Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген 50ге жуық спорташылар өзара күш сынасты.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында ШҚО фехтования федерациясы спортшыларының арнайы сайыс көрінісі өтті.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қолбасшысы полковник Рүстем Ақбалин спартакиаданың ашылуымен құттықтады.

-Самбо әскерилердің бойында​ қатты мінез,​ табандылық пен төзімділікті қалыптастырып, жинақылыққа бейімдеп, өз мақсатына жетуге қажетті қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді, -деді ​ полковник Рүстем Ақбалин ​ өз сөзінде.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ​ командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

Бас жүлдені Павлодар қаласынан келген 6679 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байласа, жүлделі екінші орынды Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы еншілеп, үшінші орынды Семейлік 5511 әскери бөлімінің құрама командасы місе тұтты. Командалық біріншілікте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

Түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған чемпиондарды «Динамо» ДШСҚ ШҚО филиалының ардагері, «Самбо» және жауынгерлік «Самбо» күресінің спорт шебері​ Салимжан, «Динамо» ДШСҚ ШҚО бөлім бастығы​ Сергей Иманқұлов,

ШҚО регби ​ федерациясының​ президенті Талғат Омаров және ШҚО фехтования бөлімінің жаттықтырушысы Алексей Пеньков марапаттады.

Сайыс қорытындысы бойынша​ жасақталған​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының​ құрама командасы 3-6 маусым аралығында Жаңаөзен қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионатында бақ сынамақ.

 

 

Дата и время публикации: 
30.04.21
Новости
Впервые со времён Пекина-2008 ВКО будет представлена в гребле на байдарках и каноэ по гладкой воде.
05.05.2021
Пляжные фото от самой титулованной могулистки в истории Казахстана.
05.05.2021
В Алматы состоялся лично-командный Чемпионат Казахстана по батутной гимнастике. Спортсмены ВКО завоевали в общей сложности семь наград различного достоинства.
05.05.2021
Мастера гребного слалома Усть-Каменогорска завоевали ещё две лицензии на Олимпийские Игры «Токио-2020».
04.05.2021
Наталья Шаршакова устала бороться с многочисленными травмами.
04.05.2021
Новый клуб воспитанника усть-каменогорского хоккея пока неизвестен.
03.05.2021