Главная

Үлкен үзілістен соң Әлем Чемпионатында атой салған

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Кеше С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға еліміздің қол күрес спортында есімін алтын әріппен жазған сақа спортшы, алты дүркін Әлем Чемпионы Еркін Әлімжанов келген еді.

Осы университеттің түлегі екен, дәлірек айтсақ, «дене шынықтыру» мамандығы бойынша 1981-85 жылдар аралығында білім алған. Аймақтағы іргелі оқу орындарының бірінде оқитын спортшы жастар атағы алысқа кеткен спортшымен жүздесуге арнайы келді. Біздің сайттың тілшісі де, Еркін Қайнулдинұлымен жақынырақ танысып қайтты.

 – Алғаш жатақханада тұрып жатқанымда, бөлмедегі достарыммен күш сынасып, әлеуетімді байқап көрдім. Осы спортпен біраз жерге баратынымды аңғарғандай болдым. Сөйтіп тұрақты түрде айналыса бастадым. 1991 жылы алғаш рет, Өскеменде өткен ел Чемпионатында топ жардым, – деп алғашқы жетістігін ортаға салды шығысқазақстандық қол күрес шебері.

Бұдан соң спортшы жұмыс бабы, жеке өміріне байланысты қол күресінен 22 жыл үзіліс жасап, сәл алыстауына тура келді. Кейін, Астанаға көшіп барды. Бұл жерде қолдау танытатын жандар табылып, жаттығуды қайта бастайды. Алғашқы Әлем Чемпионатында, Литва жерінде жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінеді. Бұдан кейін өзін-өзі қамшылап, 2015 жылы Малайзияға жол тартты. Ол кездері 50 жастағы ерлер арасында, 90 келі салмақта өнер көрсетті. Қос қолымен де қарсылас шыдатпай, чемпион атанды. Келген бойда салмағын ауыстыруға бел байлайды. Сөйтіп, Еркін Қайнулдинұлы 75 келіге дейін салмағын түсіріп, осы дәрежеде қалуды жөн көрді. 90 келіден бірден 15 келі түсіру кезінде, қалайша әлсіреп қалмауды, күшін сақтауды егжей-тегжейімен айтып берді. Араға жыл салып, Болгарияда жаңа салмақта өнер көрсетті. Десе де, америкалық спортшымен күресу барысында кенеттен ауыр жарақат алған. Қабырғасы сыныпты.

 – Сынып бара жатқанын төреші де естіді. Мен болсам жеңісті бермеуге барымды салдым. Расымен де жанға батты. Барлық қабырғам үгітіліп бара жатқандай көрінді. Оң қолмен жеңісті ешкімге бермедім. Ал келесі күні дәрігерлер көмегін көрсетіп, сәл ес жиған соң, сол қолмен де бірінші орын иелендім, – дейді спортшы.

Осындай ірі жарыстарда талай мәрте топ жарудың сыры деп, Еркін Әлімжанов үздіксіз жаттығуды айтады. Онымен қоса, бапкерге де көп нәрсе байланысты екен. Аймақтағы білікті жаттықтырушы ретінде Ұлан ауданының «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» қызмет істейтін Ерлан Уалиевті тілге тиек етті. Жуырда Антальяда өткен Әлем Чемпионатында оның шәкірттері бірыңғай алтын мен күміс медальдар иеленіп, үздік нәтиже көрсеткен еді. Ал бұл сында Еркін Қайнулдинұлы да 75 келі салмақта қарсылас шыдатпай, екі қолмен де жеңімпаз атанды.

Студенттер, келген спортшылар сауалдарын қойып, келген мейманнан құнды ақпараттар алды. Кездесу соңына қарай, барлығы спортшымен естелік суретке түсті. Шығыстың шымыр спортшысы өз кезегінде, жастармен кездесуден үлкен әсер алғандығын жеткізді.

 

Фото автордікі

Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
02.11.18
Новости
На Чемпионате Казахстана был установлен ряд новых рекордов манежа имени Ольги Рыпаковой.
25.01.2020
В пятнадцать лет Никита Зиновьев пришел на свою первую тренировку по боксу. Тогда юноша и не думал о том, что этот вид спорта станет для него серьезным увлечением.
24.01.2020
Төрт жерлесіміз Атырау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы ел чемпионатының жартылай финалына шықты.
24.01.2020
Жерлесіміз Ерлан Серікжанов Израиль жерінде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При бәсекесінде күміс медаль иеленді.
24.01.2020
Сборная ВКО заняла второе место в командном зачёте Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике, который состоялся в Усть-Каменогорске на минувших выходных. Хорошо это или плохо? Разбирался наш корреспондент.
24.01.2020
Грек-рим күресінен Әлем чемпионы Бахтияр Байсейтов бірнеше жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстап келеді. Жуырда спорт басылымына Токио Олимпиадасы алдындағы әзірлік жөнінде ойын ортаға салды.
23.01.2020