Главная

Жағымсыз пікірге жауап берді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жарма ауданының тумасы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов кәсіпқой боксшы Қанат Исламның жуырда өткен жекпе-жегіне қатысты айтылған жағымсыз лебіздерге ойын білдірді.

 Естеріңізде болса, отандасымыз қазанның 26-сы намибиялық былғары қолғап шебері Уолтер Каутондокваға (18 – 1, 17 KO) қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Он раундтық жұдырықтасу қорытындысында үш төреші де (97-92, 97-92, 99-92) басымдықты Қанат Исламға берген-ді. Осыдан соң жанкүйерлер, спорт мамандары жағымсыз пікірлерін жаудырды кеп. Жармалық жауырыны жер иіскемеген жерлесіміз Дәулет Болатұлы бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп пікір білдірді:

 Қадірменді қазақ халқы, спорт жанкүйерлері, мені елім сыйлап құрметтейтін азамат ретінде өз ойымды, пікірімді сіздерге жеткізсем деп едім. Жақында ғана Алматы қаласында өткен Қанат Исламның жеңісті кездесуінен кейін әлеуметтік желіде Қанатқа қатысты жағымсыз пікірлер туа бастады. Мен Қанатты бойында қазақи құндылығы бар, тәрбиелі, үлкенді үлкен деп кішіні кіші деп сыйлайтын азамат ретінде біліп сыйлаймын. Қанат нағыз еңбекқор спортшы. Спорттағы жеткен жетістіктерінің барлығы еңбек пен тердің арқасында келген. Қанатпен арласқан адам оның қандай адам екенін біледі.

 Бүгінгі күні Қанаттың жеңісі қазақ халқы, қазақ жастары үшін керек жеңіс. Біз мұндай жеңістермен қуанып, Қанаттай бауырларымызды өскелең ұрпаққа үлгі ретінде көрсетуіміз керек.

 Ал әлеуметтік желіде Қанат жайлы жағымсыз пікiрлерді жазып жатқан азаматтарға айтарым сіздер айнаға қарап өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз! Сіз кімсіз? Отбасыңыз, еліміз, жеріміз үшін не істедіңіз? Сонда сіздің қандай адам екеніңіз белгілі болады.

 Қадірменді ағайын, қазақ халқым, тырнақ астынан кір іздеп бір-бірімізді жамандамайық. Мұндай жеңістерімізбен біз мақтанып өз батырларымызды әрқашан құрметтеп, қошеметтеп, бағалап жүре берейік!

 Құрметпен, Дәулет Тұрлыханов

 

Фото спортшының жеке парақшасынан

 

 

Дата и время публикации: 
29.10.19
Новости
В Олимпийский год в большой спорт возвращаются даже мёртвые, не говоря уже о тех, кто «всего лишь» получил травму, и теперь вновь готов блистать в секторах и на беговых дорожках.
20.01.2020
Своим мнением об игре сборной Казахстана поделился экс-главный тренер волейбольного клуба «Алтай» Лука Кьяппини, который вступил в переписку с нашим корреспондентом из дома в Италии.
20.01.2020
Мужская команда волейбольного клуба «Алтай» одержала четвёртую победу в сезоне Национальной лиги.
20.01.2020
Чему научил нас Чемпионат Казахстана по лёгкой атлетике, завершившийся вчера в Усть-Каменогорске? Тому, что нет ничего вечного под луной.
19.01.2020
В Усть-Каменогорске завершился XXIX Чемпионат Республики Казахстан в помещении. В течение двух дней в соревнованиях приняли участие 249 легкоатлетов, из них 159 мужчин и 90 женщин. Для того, чтобы побороться за звание лучшего, на республиканское первенство съехались представители всех областей и регионов страны, кроме Актюбинской и Западно-Казахстанской.
19.01.2020
В Усть-Каменогорске определился чемпион и призёры первенства Казахстана по лёгкой атлетике в мужском многоборье.
18.01.2020