Главная

Жаңа басшыдан – жаңа үміт

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өңірде енді қарқын алып келе жатқан киокушинкай-кан каратэ спортына жаңаша серпіліс, жоғары жетістікке жетуге жетелейді деген сеніммен облыстық филиал президенті тағайындалды. Жаңа басшы балалар қызығушылығы ерекше артқан бұл спортты өрлету үшін қолынан келгенін аямайтынын мәлімдеді.

Жиын барысында сөз алған киокушинкай-кан каратэден Ұлттық республикалық Федерацияның вице-президенті Әбілқайыр Сайранбек ел көлемінен тыс, Шығыс топырағында аталған спорттың жылдам қарқынмен дамып, шәкірт тәрбиелеудегі әр бапкердің біліктілігіне оң бағасын берді. Айтуынша, каратэнің бұл түрі облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы елдімекендердегі балалар үшін де қолжетімді болуы тиіс.

Алтай өңірінде қазір киокушинкай-кан каратэге ден қойған 800-ден астам спортшы болса, солардың бабын келістіріп, білгенімен бөлісіп жүрген 16 жаттықтырушы жұмыс істейді. Соның ішінде, Өскемен, Семей қалаларында, Шемонаиха және Глубокое аудандарында бірқалыпты дамып келеді, – деген Сайранбек Ербатырұлы шараның басты жаңалығына тоқталды.

Сонымен Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэден ШҚО бойынша филиалының президенті лауазымына Ерік Тұрсынғалиев тағайындалды. Тиісті хаттамаға сәйкес Ерік Теміржанұлы жауапты қызметіне сәуір айының 26-нда кіріскен. Спорт жанашыры, самбо күресінен ҚР Спорт шебері бұл міндетті абыроймен атқарып, аталған спорт түрінің облыста кең етек жаюы үшін бар білім-тәжірибесін сарқа жұмсайтынын жеткізді.

 

 

Дата и время публикации: 
28.04.21
Новости
Алдымен Ресей, Армения, Грузия, Тәжікстан, сосын басқа да мемлекеттер… Осы елдердің атлеттерін жолынан ығыстырып, бапкерлер сеніміне кірмесең ірі додаларға жол тартуың екіталай. Сонау 1965-85 жылдары әсіресе жаһандық қай жарыс болсын социалистік республикалар одағының айдарынан жел есіп, алдыңғы қатардан көрініп жүргенін ешкім жоққа шығара қоймас. Соның ішінде, қазақтың болмысына бітіп, оң жамбасына келетін күрес, бокс, самбо сынды білек күші сыналар спорт түрлерінде бәсеке алауы айрықша қызатын. Ал қайтпастық қанына сіңген сайын дала ұландары әлемдегі атағы жер жарған талай мықтыға тойтарыс бергендіктері спорт тарихына алтын әріптермен жазылған. Бірнеше спорт түрін қатар алып жүріп, таңдай қақтырар нәтиже көрсеткен Ұлан ауданының тумасы Жексен Икамбаевпен емен-жарқын әңгімелесудің сәті түсті.
22.07.2021
Жуырда ғана жерлесіміз Нұрәлі Советқанов Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.
22.07.2021
Маргарита Торлопова прокомментировала известный казус.
21.07.2021
Шығысқазақстандық палуан Венгрия астанасы Будапеште өтетін Әлем чемпионатында 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды
19.07.2021
В преддверие старта Олимпийских Игр в Токио интервью нашему порталу дал руководитель управления физической культуры и спорта ВКО Досжан Уалханов, который подытожил работу спорта ВКО в течение последних пяти лет, заглянул в будущее и поделился своими ожиданиями от выступлений наших атлетов на главном старте четырёхлетия.
17.07.2021
Өскеменде 12-14 шілде аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери-спорттық кешеннің көпсайысы бойынша оқ ату және жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.
16.07.2021