Главная

Абиба Абужақынова: «Белдесулерімнің бәрін айқын ұттым»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Талғат Ақтаевты еске алуға арналған еліміздің ашық чемпионатында шеберлігі шыңдалған біршама спортшы қатысуда.

Солардың бірі – 48 келіде белдескен Алматы облысының өкілі Абиба Абужақынова. Ұлттық құрама сапынан орын алған бұрымды осы сында әр қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жастар арасында өзін теңдессіз екендігін дәлелдеді. Өзінің айтуынша, әлемдік додаларға жиі қатысатындықтан бұл жолы да спорттық бабында болған екен. Тәжірибелі дзюдошы VKsport.kz тілшісіне сайыс жөнінде қортындылап өтті.

 – 23 жасқа дейінгі чемпионатта төрт рет бақ сынап, соның үшеуінде топ жардым. Оның ішінде, 2015 жылы күміс медаль иелендім. Бұл жарысқа да жақсы бабымда келдім. Белдесулерімнің бәрін айқын ұттым, қандай да бір қиындыққа тап болдым деп айта алмаймын. Енді маусым айының соңына қарай Будапешт қаласында өтетін Гран-При кезеңіне әзірлікті бастау керек, – деді ол.

Абиба қазір халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол атақты 2017 жылы Хорватияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленіп, орындаған-ды. Ал Ұлттық құрамаға Нұр-Сұлтанда өткен ересектер арасындағы ел чемпионатында топ жарып, енген екен.

Айта кетейік, бұл өңірдің дзюдошылары ашық чемпионаттың бірінші күнінде екі алтын, сонша қола медаль иеленіп, сәтті өнер көрсетті.

Дата и время публикации: 
05.05.19
Новости
Портал VKsport.kz решил узнать мнение людей об информации о возможном назначении Олега Болякина на должность главного тренера «Торпедо», являющихся на своём уровне специалистом в хоккее, но представляющих при этом абсолютно разные сферы деятельности в этом виде спорта.
24.05.2020
Предложения болельщиков, золотоносные бойцы, золотой прорыв Жолудева, приезд легенды и визит Кубка – день 23 мая был просто забит заметными событиями в истории спорта ВКО.
23.05.2020
Увы, но новости из "Торпедо" чем дальше, тем страшнее.
23.05.2020
Глава Любительской Волейбольной Лиги Евгений Андреев сделал заявление о будущем турнира.
22.05.2020
Жанболат – в «Жетысу», Никитин – с «бронзой», Тилеуханова – с «Золотом». Чем запомнился этот день в истории спорта ВКО?
22.05.2020
Бүгінгі таңдағы қоғамның қауіпті обасы екпінін әлі тежей қоймағанымен бірқатар мемлекеттерде, атап айтқанда біздің елімізде кей спорт түрлері бойынша біртіндеп оқу-жаттығу жиындары мен сайыстардың күнтізбелік жоспары бекітіле бастады.
21.05.2020