Главная

Абзал Өкенов: «Азия чемпионатына тыңғылықты әзірлік жүргіземін»

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Нұрсұлтан қаласының өкілі Абзал Өкенов еркін күрестен Өскеменде өткен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды. Кадеттер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері алдағы жоспарымен де бөлісті.

Жас балуан Өскемен боз кілемінде бабында екендігін тағы бір дәлелдеді. Барлығы бес кездесу өткізіп, бесеуінде де айқын жеңіске жетті. Ақтық сында да сапалы белдесу көрсетті. Көпшілік финалдағы қарсыласы жамбылдық Нұртілек Оңдашты азулы қарсылас ретінде қарады. Әрине Нұртілек те осал емес. Елішілік додаларда үнемі жүлдегерлер қатарында жүреді. Белдесу кезінде басымдықты бір спортшыға беру әбестік еді. Екеуінің де қимылы ширақ. Алайда қарсыласынан біршама тәжірибелі Абзал кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Қорытынды есеп, 13:2 Өкеновтың пайдасында. Осыдан кейін Нұрсұлтан қаласының балуаны екі дүркін ел чемпионы атанды.

 – Белдесу өзім ойлағандай өтті. Қарсыластарымның әдіс-тәсілдерімен етене таныспын. Енді Азия чемпионатына тыңғылықты әзірлік жүргіземін. Өткен жылы сәтсіз өнер көрсеттім, сонда кеткен олқылықтарды түзеуге күш салмақпын, – деді ол.

Одан бөлек, талантты балуан 2000 жылдан бері жастар арасында Әлем чемпионының шықпағанын айтып, енді сол биікке көтерілуді көздеген екен.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
03.04.19
Новости
Меньше суток остаётся до старта элитного дивизиона любительского волейбола ВКО. Суперлига возьмёт старт в спортивном сооружении с приставкой «супер» в новеньком ФОКе в райцентре Глубоковского района.
18.10.2019
Жұрт арасында белгілі бір қашықтыққа зат қойып, соған тигізуге талпынып, өз мергендігін сынап жүргендер жетерлік. Кәнігі нысананы орнында тұрып-ақ көздеудің өзі мүмкін болмай жататындығын ескерсек, жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатып мұны орындау – анау айтқандай оңай іс емес. Айтпағымыз, республика көлемінде уақыт өткен сайын адымын ұзартып, құлашын кеңге жайып келе жатқан жамбы ату спорты жайлы. Нақтырақ айтсақ, осынау ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған тұңғыш ел чемпионатында топ жарып, күллі көрерменді жарқын жеңісімен таңқалдырған жерлесіміз Ерлан Юсуповқа тоқталмақпыз. Ұлан ауданының Сағыр ауылынан шыққан жамбы атудың һас шеберімен жолығып, сұхбаттасқан едік.
18.10.2019
Подопечные итальянского тренера Луки Кьяппини проиграли самый важный турнир сезона.
18.10.2019
Вице-мисс Усть-Каменогорск-2017 возглавила группу поддержки «Торпедо» «Даймондс». Ну и попозировала для нашего сайта.
17.10.2019
Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен өткен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогінде семейлік татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті.
17.10.2019
Семейлік спортшылар Ташкент қаласында өткен самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының қос спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болып, тұғыр сатысынан көтерілді.
17.10.2019