Главная

Афинадан күміс

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Грекияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов 90 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды.

 Айта кетейік, наурыз айының басында Атырау қаласында дзюдодан еліміздің жекелей чемпионаты өткен еді. 1999-2001 жылдары туған жастар арасында өткен бәсекеде Қуандық Стамполов 90 келіде чемпион атанған болатын. Ақтық сында татами қожайыны Бекзат Шағатаевтан басым түскен-ді. Одан іле, наурыздың 23-24 аралығында Грекияның астанасында өткен дүбірлі додада да сенімді өнер көрсетіп, ақтық сынға аптықпай жетті. Сөйтіп, жылдың алғашқы ірі жарысында ел құрамасына күміс медаль әперді. Жастар ұлттық құрамасын Афинаға аға бапкерлер Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастап апарған болатын. 

 

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

Дата и время публикации: 
26.03.19
Новости
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019
Сборная Казахстана (U23) проиграла в четвертьфинале молодёжного Чемпионата Азии хозяйкам площадки.
20.07.2019
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019