Главная

Ағайындыларға алтын бұйырмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін күрес түрлерінен Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының үшінші күні. Осы күнге дейін шығысқазақстандықтар үш жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресі бәсекесінің жүлдегерлері бүгін толықтай анықталады. Әзірге жерлестеріміз бұл сында екі қола және бір күміс медаль еншілеп үлгерді. Өздеріңізге мәлім, 60 және 63 келі дәрежелерінде ағайынды Фидахметовтер белдескен болатын. Мамандар қос спортшыны фавориттер қатарына қосқан-ды. Кеше 60 келі дәрежесінде Ернар жартылай финалда Мейрамбек Айнағұловтан жеңіліс тауып, үшінші орыннан көрінді. Ал бүгін Ернұр 63 келіде күміске қол созды. Алтын алатындай-ақ шамасы бар еді. Алайда ақтық сында семейлік спортшының жолын Түркістан облысының өкілі Жолдыбай Тоқбаев кесті. Тең дәрежеде өткен белдесуде екі кезең бойынша да Ернұр белсенділік танытумен болды. Түркістандық балуан болса оған қарсы әдістер қолданып, ұпайын түгендеп жүрді. Сөйтіп, ол ұпай айырмашылығын кездесу соңына дейін ұстап қалды.
Ересектер арасында осындай жетістік көрсету әрине, тамаша нәтиже. Десе де алдағы уақытта бұл жетістіктерін жақсарта алатындықтарына күмән жоқ. Сол 63 келіде өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Құдайберген Тұрсынов жүлдегерлер үштігін түйіндеді.

Ел чемпионатының 60 келі қорытындысы:

1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
2. Нұрболат Темірбаев (Ақтөбе облысы)
3. ЕРНАР ФИДАХМЕТОВ (ШҚО)
3. Олжас Сұлтан (Алматы облысы)

63 келі қорытындысы

1. Жолдыбай Тоқбаев (Шымкент қаласы)
2. ЕРНҰР ФИДАХМЕТОВ(ШҚО)
3. ҚҰДАЙБЕРГЕН ТҰРСЫНОВ (ШҚО)
3. Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы)

Фото WrestlingUa.com сайтынан алынды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
07.02.19
Новости
Сегодня в столице Белоруссии Минске прошёл открытый чемпионат Белоруссии по спортивной ходьбе. Представительница «Алтай Атлетикс» завоевала бронзовую награду.
24.08.2019
Усть-каменогорские мастера прыжков на батуте великолепно проявили себя на международном турнире в Грузии.
24.08.2019
Ольга Рыпакова выступит на заключительном перед финалом этапе "Бриллиантовой лиги" в Париже.
24.08.2019
Воспитанница усть-каменогорской школы волейбола Кристина Аниконова набрала четыре балла в матче с островитянками.
24.08.2019
«Сухарь» Валерия Севидова позволил «Алтай Торпедо» второй год подряд выйти в финал Кубка Казахстана, несмотря на поражение от «Бейбарыса».
23.08.2019
В Усть-Каменогорске прошла Спартакиада среди ветеранов, одной из дисциплин которой были состязания по волейболу.
23.08.2019