Главная

Асаухатты ешкім айналып өте алмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлесіміз Асаухат Мұхамадиев грек-рим күресінен Тайланд жерінде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді.

 Семейлік палуан Чонбури қаласындағы байрақты бәсекеде 63 келі салмақта ел намысын қорғады. Елішілік додалардың талай жүлдесін иеленген талантты жерлесімізге Тай елінде ешкім төтеп бере алмады. Алдымен жапон елінен келген Риота Кошибаны 3:1 есебімен сан соқтырды. Ширек финалда 3:2 есебімен тәжірибелі үндістандық Виджай Виджайдан басым түссе, жартылай финалда Өзбекстаннан келген Жавохирбек Саматовты 8:0 есебімен тізе бүктірді. Ақтық сында жерлесіміз ирандық Саед Аламдар Аржманддаштакимен өзара кім мықтыны анықтады. Қос тараптың атойлап алға ұмтылуы бір сәтке де баяуламады. Қайта аңысын аңдып, қателіктерін күтумен болды. Қорытынды есеп 2:2. Алайда соңғы әдісті Асаухат жасағандықтан жеңіс жерлесіміздің еншісіне жазылды.

 Айта кетейік, аталмыш аламанның алғашқы күнінде ел қоржынына бір алтын, бір күміс және екі қола медаль түсті.

 Фото www.asia сайтынан алынды

 

 

Дата и время публикации: 
10.07.19
Новости
Меньше суток остаётся до старта элитного дивизиона любительского волейбола ВКО. Суперлига возьмёт старт в спортивном сооружении с приставкой «супер» в новеньком ФОКе в райцентре Глубоковского района.
18.10.2019
Жұрт арасында белгілі бір қашықтыққа зат қойып, соған тигізуге талпынып, өз мергендігін сынап жүргендер жетерлік. Кәнігі нысананы орнында тұрып-ақ көздеудің өзі мүмкін болмай жататындығын ескерсек, жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатып мұны орындау – анау айтқандай оңай іс емес. Айтпағымыз, республика көлемінде уақыт өткен сайын адымын ұзартып, құлашын кеңге жайып келе жатқан жамбы ату спорты жайлы. Нақтырақ айтсақ, осынау ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған тұңғыш ел чемпионатында топ жарып, күллі көрерменді жарқын жеңісімен таңқалдырған жерлесіміз Ерлан Юсуповқа тоқталмақпыз. Ұлан ауданының Сағыр ауылынан шыққан жамбы атудың һас шеберімен жолығып, сұхбаттасқан едік.
18.10.2019
Подопечные итальянского тренера Луки Кьяппини проиграли самый важный турнир сезона.
18.10.2019
Вице-мисс Усть-Каменогорск-2017 возглавила группу поддержки «Торпедо» «Даймондс». Ну и попозировала для нашего сайта.
17.10.2019
Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен өткен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогінде семейлік татами шеберлері үздік нәтиже көрсетті.
17.10.2019
Семейлік спортшылар Ташкент қаласында өткен самбо күресінен жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының қос спортшысы күміс және қола жүлдеге ие болып, тұғыр сатысынан көтерілді.
17.10.2019