Главная

Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы» турнирінің күміс жүлдегері

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен дәстүрлі «Әлем Барысы» турнирі өтіп, жерлесіміз Айбек Нұғымаров үздіктер қатарынан көрінді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген апайтөс палуандар кезекті мәрте айтулы аламанға жүлде алсам деп жиналды. Ал отандастарымыздың алдындағы басты мақсат – ел намысын абыроймен қорғап, бас жүлдені сақтап қалу еді. Төрт мәрте Әлем чемпионы Айбек Нұғымаров, «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов және Нұрдәулет Жарылғапов. Қазақ күресінен еліміздің бас бапкері Ерлан Естек және жаттықтырушылар құрамы оқу-жаттығу жиындары қорытындысында, әлемдік аламанда осы төрт спортшының белдесуін құп көрген екен. Алайда Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов алғашқы белдесулерінде-ақ сүрініп, сайысты ерте аяқтады. Мақсат Исағабылов жартылай финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, әрі қарай жерлесіміз Айбек Нұғымаровқа есе жіберді. Десе де Мақсат қола белбеу үшін болған белдесуде атағы бір басына жететін өзбек спортшысы Мухсин Хисомитдиновке еш мүмкіндік қалдырмады.

Ал осыған дейін екі дүркін «Әлем Барысы» атанған Айбек Нұғымаров алдымен словениялық Юрий Вусникті небәрі 39 секундта айқын ұтты. Екінші кездесуінде аустралиялық Себастьян Адам Темесиді тартысқа толы белдесуде 3 минут 43 секунд өткен соң басымдығын ұлғайтып, жолынан ығыстырды. Бұдан кейін 1/8 финалда сыралғы қарсыласы литвалық Эрик Бизуновичті 32 секунд ішінде аяғын аспаннан келтірсе, ширек финалда моңғол палуаны Серік Бердімұраттан бір бас жоғары болды. Жартылай финалда жоғарыда айтқанымыздай, тағы бір отандасымыз Мақсат Исағабыловтан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Сөйтіп, шешуші сында ресейлік Роман Бобиковпен жолы түйісті. Айта кетейік, Роман Бобиков жартылай финалда сол Мухсин Хисомитдиновтен айласын асырып кеткен болатын. Алайда ақтық сын көпшілік күткендей болмады. «Айбектің асығы алшысынан түсер» деген сенімде отырған жанкүйерлер бас жүлденің Ресей мемлекетіне кеткенінің куәсі атанды. Айтпағымыз, Роман Бобиков біршама белсенділік танытып, жерлесімізден басым түсті. Осылайша, шығысқазақстандық спортшы екі дүркін «Әлем Барысы» деген жетістігіне енді күміс белбеуді қосып, кезекті рет тұрақты нәтиже көрсете білді.

 Фото turkystan.kz сайтынан

Дата и время публикации: 
02.12.19
Новости
Результаты первого соревновательного дня Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике.
17.01.2020
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
17.01.2020
На Чемпионате Казахстана по лёгкой атлетике в Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград.
17.01.2020
Две немецкие спортсменки составили достойную конкуренцию нашей «вундеркиндше» Анастасии Городко.
16.01.2020
Интервью нашему порталу дала капитан сборной страны Алеся Сафронова, которая подытожила выступление команды на Олимпийском квалификационном турнире, ответила критикам, расставила все точки над всеми буквами по вопросу о Фендриковой и рассказала о главной проблеме нашего волейбола.
16.01.2020
Жерлестеріміз грек-рим күресінен Францияда өтетін Анри Дегланды еске алуға арналған халықаралық турнирде өнер көрсетеді.
16.01.2020