Главная

Аймақ боксшылары Алматы шаршы алаңында атой салды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Алматыда жалауын көтерген жастар арасындағы ел чемпионаты мәресіне жетіп, өңір боксшылары айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

Жастар жүлде үшін жан аямай талас жүргізді. Еліміздің әр түкпірінен ағылған былғары қолғап шеберлері медаль үшін ғана емес, алдағы уақытта құрама сапына өтуге барын салды. Себебі осыдан кейінгі ірі сайыстардың бірі сәуір айында Польшада өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионаты. Бапкерлік құрам команда жасақтап, таңдаулы боксшыларды Кельце шаһарында өтетін шаршы алаң бәсекесіне қатыстырмақ.

Семейде тыңғылықты әзірлік жүргізіп барған шығысқазақстандық спортшылар да аталған чемпионаттан шет қалмады. Әлбетте, барлығына бірдей жүлдегер атану мүмкін болмады. Не дегенмен әр аймақта бір салмақтың мықтысы бар, соған сәйкес алтын жүлдені ешбірі оңайлықпен бере қоймайтындығы бесенеден белгілі еді. Шалқар Байсарин, Дастан Сақпан, Талғат Жақпеков сынды бапкерлер сайдың тасындай іріктелген 12 боксшыны апарды. Салған жерден жарқын жекпе-жек көрсетіп, қарсыластарынан бір бас жоғары өнер көрсеткен Ернар Қарап (46 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі) және Бауыржан Сатжанов (64 келі) өзіндік бокс мәнерінің арқасында қорғаныста сауатты қимылдап, жүйелі шабуылдар ұйымдастыра білді. 81 келідегі Аян Сабыржанов та жойқын жұдырық иесі екендігін аңғартты. Алайда әр айналым сайын жарыс жолындағы жерлестеріміздің қатары сиреп, бірқатары сайыспен қоштасты. Әр салмақта бәсекелестік артып, жартылай финалға шығысқазақстандық бес өрен жолдама алды. Шиеленісті өткен жекпе-жекте Аян Сабыржанов (81 келі) пен Ілияс Қадыров (+91 келі) қарсыластары шымкенттік Дәурен Мамыр (81 келі) мен түркістандық Даниял Сапарбайға (+91 келі) есе жіберіп, қола медальға қанағат тұтты. Ал жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Руслан Күзеубаев (60 келі) төрешілер шешімімен жамбылдық Елнұр Сүйінбайға жол беріп, күміс медальға ие болды. Аймақ қоржынына қос бірдей алтын медальды аягөздік Бауыржан Сатжанов (64 келі) пен Ернар Қарап (46 келі) салды. Бауыржан шешуші сында Шымкенттік Абзал Серікті айқын ұтса, Ернар қарағандылық Рамазан Нұрлыбаевқа еш мүмкіндік бермеді.

Осының нәтижесінде, екі алтын, бір күміс және екі қола медаль еншілеген жерлестеріміз Жамбыл облысы мен Алматы қаласын алға жіберіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан көрінді.

Дата и время публикации: 
25.01.21
Новости
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел біріншілігінде алғашқы жарыс күнінің қорытындысы шықты.
24.02.2021
Италияның астанасы Рим шаһарында өтетін аламанда бақ сынайтын спортшылар есімі белгілі болды
23.02.2021
Первенство страны 2021 года завершилось в Алматы.
23.02.2021
Второй матч стартовой серии плей-офф ВХЛ между «Югрой» и «Динамо» из Московской области только подтвердил тезис о негласном противостоянии устькаменогорцев и супердуэта Тертышный/Пилипенко.
22.02.2021
В эти выходные состоялся зимний чемпионат ездового спорта
22.02.2021
Перестрелка между Антиповым и Рымаревым с одной стороны и Пилипенко и Тертышным с другой завершилась победой ханты-мансийского клуба.
22.02.2021