Главная

Айтулы аламанда жүлде ала алмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлем чемпионатында отандастарымыз алтын медаль иеленіп, көңілі күпті көпшіліктің тілеуін орнықтыра алмады. Өкініштісі сол, айтулы додада жерлестеріміз де жүлдеден шет қалды.

 Алдымен 61 келідегі Расул Қалиевке тоқталып кетейік. Жармалық өрен сайыстың фавориті саналмаса да, жүлде алу үшін тас-түйін еді. Алдымен албаниялық Иса Меркияны 11:0 есебімен тізе бүктірді. Екінші белдесуінде қырғыз палуаны Алмаз Сманбековты 8:4 есебімен жолынан ығыстырса, ширек финалда үндістандық Рахул Аваремен жолы түйісіп, 10:7 есебімен жеңіліс тапты. Жерлесіміз белдесу тізгінін беріп қоймағанда ұтатындай-ақ мүмкіндігі болды. Өкініштісі сол, үндіс спортшысы жартылай финалда кейін Әлем чемпионы атанған грузиялық Бека Ломтадзені айналып өте алмады. Амал нешік, Расул да жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды. Келесі болып, жүлде алуға талпынған көкпектілік Данияр Қайсанов еді. 74 келіде азуы алты қарыс спортшылар жиналса да, туған жер топырағында атой салып, үздік үштікке ілінуден дәмелі еді. Алғашқы кездесулерін сәтті өткізгенімен, ширек финалда екі дүркін Әлем чемпионы италиялық Франк Чамизомен шеберлік байқасты. Алайда әккі палуанды жеңудің кілтін қанша іздесе де, мүмкін болмады. Есеп 5:0 есебімен Чамизоның пайдасына шешілді. Ал кіші финалда Францияның тәжірибелі палуаны Зелимхан Хаджиевпен күш сынасып, тартысты өткен текетіресте 3:4 есебімен есе жіберді. Соңғы болып бозкілемге беттеген риддерлік Олег Болтиннен де медаль алады деген үміт болды. Алайда Олег бірінші айналымда-ақ ресейлік Алан Хугаевтен айналып өте алмады.

 Жалпы, еркін күрес шеберлері екі күміс, бір қола жүлде алды. Бір әттеген-айы жерлестерімізге жүлде бұйырмады.

 

 

Дата и время публикации: 
23.09.19
Новости
Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы күрес түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бәсеке қызып тұр. Бүгін еркін күрестен 23 жасқа жастар арасындағы ел чемпионатында бес салмақтың үздіктері анықталды.
22.02.2020
В Москве торпедовцами были забиты две шайбы в ворота главного фаворита.
22.02.2020
В Тадзавако состоялись соревнования по могулу в рамках этапа Кубка Мира
22.02.2020
Тренерский штаб определился с составом юниорской сборной Казахстана на матчевую встречу в Минске.
22.02.2020
Бүгін Германияның Дюссельдорф қаласында Grand Slam Dusseldorf халықаралық турнирі басталады. Алғашқы айналымда жерлестемірізге кімдердің қарсылас атанғандығы белгілі болды.
21.02.2020
Бүгін Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында еркін күрес шеберлері алғашқы жеңімпаздарды анықтайды.
21.02.2020