Главная

Аз уақыттан соң Азия чемпионатына әзірлік басталады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен еліміздің ерлер командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Olympic.kz сайтына берген сұхбатында алдағы ірі додаларға деген жоспарымен бөлісті.

Бас бапкердің айтуынша, ақпанның басында Шымкентте өткен еліміздің V Жазғы спартакиадасында біршама талантты балуандар өсіп келеді. Сайыс қорытындысына мән берсек те, бұған оңай көз жеткізуге болады. Себебі, тұғырдың биігіне көбінде жиырманың ары-берісіндегі жігіттер көтерілген болатын. Балуандарымыз үшін алғашқы маңызды дода сәуір айында Қытайда өтетін Азия чемпионаты. Әрине, жуырда Болгарияда өткен «Дан Колов және Никола Петров» халықаралық турниріне де әлемнің біршама үздік спортшылары қатысқан-ды. Десе де, сол уақытта бірінші нөмірлі балуандарымыз құрлықтық чемпионатқа дайындық үстінде еді. Әсет Серікбаев сол «Дан Колов» додасы жайлы да ойын ортаға салды. Оның айтуынша, рейтингілік турнир болғандықтан Болгариядағы бәсекеге Әлем, Олимпиада чемпиондары да қатысқан. Отандастарымыз үшін сәтті аяқталды. Естеріңізде болса, салмақ түсірмей-ақ, 61 келіде өнер көрсеткен отандасымыз Нұрислам Санаев алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, шығысқазақстандық талантты спортшы Азамат Дәулетбековтың де 86 келіде қола медаль үшін белдескен болатын. Құрама жаттықтырушысы мұны үлкен жетістік санайды.
Еркін күрес шеберлері енді бар күшті сәуір айында Қытайдың Сиань шаһарында өтетін Азия чемпионатына салмақ. Бас бапкер аталмыш сынға сол Шымкентте топ жарған спортшыларды апаруды жөн санап отыр. Оған әзірлік наурыздың 10-ында Белорусь елінің астанасы Минск қаласында басталады. Онда халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Фото unitedworldwrestling.org сайтынан алынды
Материал Olympic.kz дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
08.03.19
Новости
В Павлодаре стартовал третий тур Чемпионата Казахстана женской Национальной лиги.
16.01.2021
Показавшая самый выдающийся результат Чемпионата ВКО спортсменка отметила роль тренера в своём успехе.
16.01.2021
«Жетысу» понадобилось всего три матча, чтобы вернуться на второе место в Национальной лиге.
15.01.2021
13-14 января в усть-каменогорском манеже «Ольга Рыпакова» прошёл долгожданный чемпионат ВКО по лёгкой атлетике. Спустя почти год лучшие атлеты области приняли участие в крупном масштабном турнире.
15.01.2021
Қазіргі уақытта Ұлттық құрама жаттықтырушыларының басты мақсаты – Олимпиада ойындары алдында барынша сапалы әзірлік жүргізіп, спортшыларды бабына келтіру. Осы мақсатпен Кубаға жол тартқан былғары қолғап шеберлері бүгін діттеген жеріне жетті
15.01.2021
Девушки из сборной Казахстана по биатлону неудачно провели спринтерскую гонку этапа Кубка Мира в Оберхофе.
14.01.2021