Главная

Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлесіміз Ернұр Фидахметов Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

 Семейлік Ернұр Фидахметов Нью-Дели бозкілемінде 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Алайда соқыр жеребе Ернұрды алғашқы айналымды қандасымыз, талайдан бері Өзбекстан елінің намысын қорғап жүрген Елмұрат Тасмұрадовпен жолықтырды. Белдесу Тасмұрадовтың пайдасына шешілді. Алғашқы айналымда жерлесімізді жеңген ол ақтық сынға да аптықпай шықты. Бұл ретте Ернұр жұбаныш белдесуінде жарыс қожайыны Сачин Рананы 6:3 есебімен тізе бүктірді. Әрі қарай қола медаль үшін белдесу қажет. Сөйтіп кіші финалда ирандық Мейсам Далханимен шеберлік байқасты. Алып ұратындай-ақ мүмкіндігі бар еді, алайда қарсылас қорғанысы да сыр бермеді. Қорытындысында 2:0 есебімен Далхани дегеніне жетіп, Фидахметов бесінші орынмен шектелді.

 Фото kazakhstan_wrestling парақшасынан

 

 

Дата и время публикации: 
19.02.20
Новости
В Молодёжном ресурсном центре города Риддер стартовал семинар для юных лыжников и биатлонистов, посвящённый изучению проблемы допинга в мировом спорте и её влияния на будущее спортсмена.
24.09.2020
Еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бірнеше ай бойы тыңғылықты әзірліктен қол үзіп, оқу-жаттығу жиыны кезінде қалай дайындық жүргізіп жатқандығы жайлы ой бөлісті.
23.09.2020
Главный тренер «Тампы» Джон Купер считает, что три заброшенные шайбы в первом периоде второго матча финала Кубка Стэнли против «Далласа» совершенно не значат, что ворота Антона Худобина можно считать расколдованными.
23.09.2020
«Амур» хоть и не смог удержать лидерство в счёте, очки в турнирную таблицу всё-таки заработал.
23.09.2020
Об этом заявил Мирбулат Абуов – президент национальной Федерации Фехтования.
22.09.2020
34-летний Худобин проводит дебютный плей-офф в карьере в статусе стартового голкипера. До нынешнего сезона опытный вратарь, дебютировавший в НХЛ в 2009 году, сыграл всего два матча в Кубке Стэнли. В обоих случаях российский голкипер выходил на лёд со скамейки запасных.
22.09.2020