Главная

Азия чемпионатына әзірлік қызып тұр

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен жастар құрамасы қазір мұхиттың ар жағында оқу-жаттығу жиынында жүр. Олар алдағы болатын құрлықтық додаға дайындық жүргізуде.

Мұхиттың ар жағы дегеніміз әрине, АҚШ. Дәлірек айтсақ Нью-Йорк шаһары. Мұнда қазақстандық спортшылар жергілікті балуандармен тәжірибе алмасып, физикалық тұрғыда шеберліктерін шыңдауда. Біздегі бар ақпаратқа сүйенсек, балуандар қатарында 74 келі салмақта Шыңғыс Мұхаметқалиев, 79 келіде Тілек Қабыкенов сынды шығысқазақстандық өрендер бар. Одан бөлек, 60 келіде Нұр-Сұлтан қаласының үздігі Абзал Өкенов те қызу жаттығу үстінде. Естеріңізде болса, аталған спортшылар сәуірдің басында Өскеменде өткен жастар арасындағы ел чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен еді. Атап айтсақ, Тілек өз салмағында топ жарды, Шыңғыс 74 келіде қола медаль иеленсе, Абзал 57 келіде үздік шықты.

Отандастарымыз маусым айында Қытайлық Тайпейде өтетін Азия чемпионаты алдындағы кезекті оқу-жаттығуы жиынын өткізуде. Нью-Йоркте сәуірдің 27-не дейін болады.

 

Фото спортшылар тарапынан ұсынылды

Дата и время публикации: 
18.04.19
Новости
Угадайте, в какой лиге теперь не будет представлена родина казахстанского хоккея?
01.06.2020
Сегодня – три года великому матчу в исполнении женской команды «Алтай».
30.05.2020
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020