Главная

Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жерлесіміз Олжас Олжақанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен күрес түрлерінен кадеттер арасындағы құрлықтық чемпионатта қола жүлдеге ие болды.

 Дүбірлі додада 20-ға жуық елдің сайдың тасындай іріктелген палуандары шеберлік байқасты. Тарбағатай ауданының тумасы 65 келіде боз кілемге беттеді. Олжас Олжақанов бұл сынға ел чемпионатында топ жарып, жолдама алған еді. Бапкері Роллан Көксегеновтың айтуынша, аталмыш додаға жерлесіміз айтарлықтай спорттық бабында келген екен. Шығысқазақстандық өрен бірінші айналымды белдесусіз өткізгенімен, келесі кездесуін Қытай елінің үздігіне қарсы өткізді. Бұл жерде «аспан асты» елінің өкілін10:0 есебімен тас-талқан етті. Алайда үшінші айналымда Тәжікстан елінің намысын қорғаған ресейлік спортшыға 3:0 есебімен есе жіберді. Дегенмен бұл жеңілістен кейін Олжастың сағы сынбады. Қола жүлде үшін болған белдесуде Сауд Арабиясының өкілін 12:0 есебімен ұйпап өтті.

 Қола медальді еш қомсынбаймыз. Десе де жоспарымыз алтын алу еді. Физикалық тұрғыдағы дайындығы ойдағыдай болды. Екінші айналымда тәжік палуанымен болған текетіресте аз-кем қателіктер кетті. Алдағы уақытта олқылықтармен жұмыс істейміз, – дейді бапкері Роллан Көксегенов.

 Олжас әзірге еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Азия чемпионаты алғашқы ірі жарысы. Палуанымыз мұнымен тоқталмақ емес. Жуық арада әзірлікті қайта күшейтпек. Себебі еліміздің кадеттер құрамасын шілде айының соңында Болгарияда өтетін Әлем чемпионаты күтіп тұр.

 Фото жаттықтырушылар тарапынан ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
10.07.19
Новости
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019
Похоже, что воспитанникам усть-каменогорской школы хоккейных вратарей снова места в воротах «Торпедо» не найдётся.
18.07.2019
На днях в Бангкоке состоялся 93-й Совет Азиатской Ассоциации лёгкой атлетики, который стал во многом историческим для Казахстана.
18.07.2019
Шығысқазақстандық жеткіншектер елордада өткен «Astana Open – 2019» республикалық балалар кубогінің IV кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
18.07.2019