Главная

Азия чемпионатындағы айқын жеңіс

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семейлік боксшы Руслан Күзеубаев Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджера қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тұғырдың ең биік сатысына жайғасты.

 Тоғыз күн бойы құрлықтың кіл мықтылары Фуджерадағы шаршы алаң бәсекесінде жүлде үшін өзара шеберлік байқасты. Отандастарымыз да аталмыш сында айтарлықтай сәтті өнер көрсетті. Шалқар Байсарин мен Руслан Мұздыбаевтың қоластында жаттығатын Руслан Күзеубаев 52 келі салмақ дәрежесінде дес бермей, алтын медальды мойынға тақты. Алдымен қытайлық, екінші айналымда Ирак елінің үздігін, ширек финалда өзбек спортшысын жолынан ығыстырса, ақтық сында тәжікстандық Абубакир Муродовқа еш мүмкіндік қалдырмады. Маңыздысы сол, Руслан әр жекпе-жегін 5:0 есебімен аяқтап, сақадай-сай әзірлікпен барғандығын байқатты. Әкесі әрі алғашқы бапкері Руслан Мұздыбаевтың айтуынша, Азия чемпионаты алдында жеті оқу-жаттығу жиынына қатысып, спорттық бабына енген. Алда әлі ел чемпионаты, мамандар сенімінен шыға білсе, түрлі халықаралық, әлемдік додалар күтіп тұр. Биылдан бастап ел құрамасына алынған жерлесіміз бүгінде спорт шебері.

 Фото жаттықтырушылар тарапына ұсынылды

 

 

Дата и время публикации: 
23.10.19
Новости
В Усть-Каменогорске определился чемпион и призёры первенства Казахстана по лёгкой атлетике в мужском многоборье.
18.01.2020
Швейцария может выдохнуть спокойно – весь золотой запас этой страны не будет вывезен в Усть-Каменогорск, ведь этап Кубка Европы по могулу в Айроло вчера завершился.
18.01.2020
Второй соревновательный день первенства страны в помещении открыли ходоки, которые соревновались на дистанции 5000 м.
18.01.2020
Результаты первого соревновательного дня Чемпионата Казахстана по лёгкой атлетике.
17.01.2020
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
17.01.2020
На Чемпионате Казахстана по лёгкой атлетике в Усть-Каменогорске разыгран первый комплект наград.
17.01.2020