Главная

Баку татамиінен жүлде бұйырмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мамырдың 10-12 аралығында Әзірбайжанның астанасында өткен әлемдік «Grand Slam» кезеңінде шығысқазақстандық дзюдошылар сәтсіз өнер көрсетті.

Ұлттық құрама сапында белдескен балуандар қатарында Мадияр Сембаев (73 келі) және Зере Бектасқызы (70 келі) сынды шығысқазақстандық спортшылар болды. «Grand Slam» бәсекесіне осал дзюдошылардың келмейтіні рас. Десе де, әр салмақта кемі 3-4 тәжірибелі татами шеберлері болған еді. Жерлестерімізге азуы алты қарыс қарсыластар тап болды деу келмес. Мадияр Сембаев бірінші айналымда есімі көпке беймәлім молдовалық Андриес Корнелмен жолықты. Мадиярдың физикалық тұрғыда мығым екені көрініп-ақ тұрды. Бір кедергі болғаны сол қобалжу еді. Әлемдік рейтингіде өзінен біршама артта тұрған қарсыласына қарсы сенімсіз белдесті Мадияр. Әлде әдіс жасауға қамданып жүргенде қорғанысты ұмытып кетті ме, әйтеуір бір минутқа жетпей жеңіліс тапты. Тіпті, жауырынының татамиге тигеніне өзі да аң-таң. Тағы бір жерлесіміз Зере Бектасқызы тең дәрежеде өткен белдесудің соңғы секундтарында ғана қателікке бой алдырды. Алғашқы айналымда оның қарсыласы Ирландия елінің өкілі Меган Флетчер болды. Өз салмағында үздік 30 дзюдошының қатарында. Бастапқыда сылбыр қимылдағаны үшін оған екі бірдей ескерту (шидо) берілген-ді. Кейін осындай ескерту біздің спортшыға да жасалды. Зере белдесу соңына қарай атойлап алға ұмтылумен болды. Алайда сөйтіп жүргенде, едәуір шаршап та қалды. Ол аз болғандай, ортадағы төреші Зеренің бапкерін «секундант» орнынан аластап, алысырақ тұруын өтінді. Осыдан соң шығысқазақстандық дзюдошы жинақылық танытып, ұпай беріп қоймауға барын салып еді, болмады. Өз әдісіне өзі түсіп, таза жеңіліске тап болды.

Осылайша, шығысқазақстандық татами шеберлері Баку татамиінен бос қайтты бұл жолы. Өкініштісі сол, алғашқы айналымда сүрінді. Одан бөлек, мұндай сәтсіздіктердің жерлестеріміздің әлемдік рейтингідегі жағдайларына да әсер етері сөзсіз.

 

Фото халықаралық дзюдо федерациясы сайтынан

Дата и время публикации: 
13.05.19
Новости
Вчера поздно вечером в Будапеште завершился первый этап командных соревнований по фехтованию на шпагах. Сегодня будут разыграны награды, однако в дележе медалей сборная Казахстана, увы, не поучаствует.
22.07.2019
Результат, как говорится, налицо. Впрочем, не только на лицо.
21.07.2019
Молодёжная сборная Казахстана поражением завершила выступление на Чемпионате Азии.
21.07.2019
В Будапеште постепенно подходит к концу Чемпионат мира по фехтованию. Двое фехтовальщиков на шпагах из Усть-Каменогорска сумели проявить себя наилучшим образом на этом первенстве.
21.07.2019
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019