Главная

Балуандар барын салуда

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде осымен сегізінші мәрте еліміздің спорт шебері Ерболат Қабдықалықовты еске алуға арналған еркін күрестен дәстүрлі сайысы өтуде.

Мұнда таңдаулы деген 18-20 жас аралығындағы үздік балуандар жиналды. Қатысушылардың ұзын саны 200-ден астам. Олар барлығы 11 салмақта жүлделі орындарды сарапқа салуда. Аталмыш жарыс осыған дейін облыс көлемінде өткізілсе, биыл республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ бұл жерде топ жарып, жүлдегерлер атанғандар «спорт шеберлігіне үміткер» атағын орындайды.
– Еске алу турнирін жыл сайын өткізіп келеміз. Аймағымыздағы балуандардан бөлек, Павлодар облысынан, Талдықорған, Семей қалаларынан, тіпті Ресейден де келді. Олардың ішінде осалы жоқ, – деді жарыстың бас төрешісі Нұрболат Мағзұмов.
Қатысушылар арасында елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен бірқатар тәжірибелі спортшылар да бар. Соның бірі – Тарбағатай ауданының тумасы Сұлтан Құрманалиев. Роллан Көксегенов баптайын талантты өрен осы жылы өткен құрлықтық додада күміс медаль олжалады. Одан қалса, Әлем чемпионатына да қатысты. Қазір ол Семейдегі спорт академиясында 11-сыныпта білім алуда.
Ерболат Қабдықалықов – спортшы әрі білікті бапкер болды. Қамал бұзар шағына, яғни 40-ке таяған кезінде өмірден озды. Десе де, оның ізін басып, елішілік бәсекелерде жүлде алған спортшылар көп. Оның інісі Қуаныш та ағасының жолын қуып, осы күні шәкірттер тәрбиелеуде.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Турнир желтоқсанның 6-на дейін жалғаспақ.

Фото сайт мұрағатынан
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
05.12.18
Новости
Пару дней назад пришла приятная новость о том, что в родной город как минимум на один сезон вернётся центрфорвард Дмитрий Гренц. Сможет ли он нивелировать переход в «Барыс» Аркадия Шестакова?
20.07.2019
Двое представителей профессионального клуба «Алтай Атлетикс» помогли казахстанской эстафете обновить один из самых старых рекордов страны.
20.07.2019
Сборная Казахстана (U23) проиграла в четвертьфинале молодёжного Чемпионата Азии хозяйкам площадки.
20.07.2019
Волейбольный клуб «Алтай» сменил свой логотип на более современный, как считают его сотрудники.
19.07.2019
Статистика волейболисток сборной Казахстана в противостоянии с представительницами Северной Кореи.
19.07.2019
Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия кубогінде шығысқазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
19.07.2019