Главная

Балуандар Бұқтырмаға барып қайтпақ

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шығысқазақстандық балуандар Бұқтырма кентіндегі ағзаны қалпына келтіруге арналған оқу-жаттығу жиынына барады. Естеріңізде болса, жерлестеріміз жуырда Италия жеріндегі беделді додада Ұлттық құрама сапында сәтті өнер көрсеткен болатын.

 

Еркін күрес шеберлері жастар арасында өткен «Matteo Pellicone Memorial» турнирінде 16 жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарған еді. Сол жарыста сенімді өнер көрсетіп, алтын медаль олжалаған көкпектілік Шыңғыс Мұхаметқалиев алдағы жоспары жайлы ой бөлісті.

 

Бұқтырма кентінде бір аптаға созылатын оқу-сауықтыру жиынына қатысамыз. Одан кейін сайдың тасындай іріктелген жастардан ел құрамасы жасақталып, маусымның соңында Қытайлық Тайбэйде өтетін Азия чемпионатына жол тартады. Ол додаға менің салмағымда Дәулет Ергеш есімді спортшы баруы мүмкін. Дәл сол балуан қазір еліміздің бірінші нөмірі. Дегенмен, бапкерлер құрамы ол жағын әлі нақтылап айтатын болады, — деді 74 келіде белдесіп жүрген балуанымыз.

 

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Мұқашев баптайтын шығысқазақстандық өрендерден Италия боз кілемінде Диас Асқаров (79 келі) және Тілек Қабыкенов (74 келі) сынды жастарымыз тұғырға көтерілген болатын.

 

 

Дата и время публикации: 
05.06.19
Новости
Күні кеше Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында мәресіне жеткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты отандастарымыз үшін сәтті аяқталып, спортшылар алты мәрте еліміздің Әнұранын шырқатты.
18.11.2019
Бүгін Жарма ауданының тумасы, грек-рим күресінен Сеул және Барселона Олимпиадаларының күміс жүлдегері, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановтың туған күні.
18.11.2019
В Усть-Каменогорске стартовал 3-ий сезон любительской хоккейной лиги «Кубок Дружбы», посвященной герою Советского Союза Тулегену Тохтарову.
18.11.2019
В элитном дивизионе Лиги Чемпионов Бизнеса, игры которого проходят в ФОКе села Глубокое, наконец-то прервалась игровая пауза, длившаяся почти месяц, и мы вновь увидели команды, которые бьются за первую в истории корону Суперлиги.
18.11.2019
Казахстанский легкоатлет сумел финишировать в десятке сильнейших в престижной международной шоссейной гонке.
18.11.2019
Сезон для Шэдрака Коеч продолжается. Недавно он помог легендарному кенийцу Кипчоге сделать историю. А теперь в Нидерландах попробует сделать это сам.
15.11.2019