Главная

Бар жеңістің бастауы – бәсекелестік

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Әлем чемпионатының жүлдегерлері наурыз айында республика бойынша Төтенше жағдай режимі жарияланғанда туған жеріне келіп, бір мезет ауылдастарымен жүздесіп, мәре-сәре болған еді. Айтпағымыз, үржарлық Алмат Кебіспаев пен командалас досы Қорлан Жақанша жайлы. Сол шектеу шаралары кезінде берген сұхбатының бір бөлігін кеш те болса ұсынуды жөн көрдік.

Ақпарат өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі үржарлық сақа спортшы белгілі бір спорттық шараларды емес, еліміздегі грек-рим күресінің қазіргі бет алысы мен тәжірибелерінен үзінді келтірді. Айта кетейік, Алмат Кебіспаев соңғы рет Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионатында 63 келіге дейінгі қола медаль иеленіп, бапкерлер сенімін ақтаса, Қорлан Жақанша 55 келіге дейінгі дәрежеде күміс медаль олжалады. Қорлан Алматы облысының тумасы. Бір айта кетерлігі, үржарлық спортшы елішілік және халықаралық додаларда 67 келіге дейінгі дәрежеде өнер көрсетуде. Аталған салмақта ауқымды аламанда жүлде салып жүрген палуандардың бірі – Алмат Кебіспаев және шымкенттік Мейіржан Шермағанбет. Бәлкім соларға бой түзеп, енді нәтиже көрсетіп келе жатқан спортшылар есімі аталмай қалуы да мүмкін. Десе де тісқаққандары – осы екеуі. Көрермен тарапынан қойылған сауалдардың бірнешеуі: «Кебіспаев пен Шермағанбеттің арасында кім мықты? Жаһандық додаларға баруға кім лайық?» және тағы басқалары. Алмат аз-кем ойланып, мынаны кесіп айтты:

Мұны әрине, бапкерлер шешеді. Өзімді әлі де сергек сезінемін. Бозкілемнен кету ойда жоқ. Алайда Мейіржан екеуіміздің арамыздағы бәсекелестік – өсіп келе жатқан жастар үшін, жалпы лайықты спортшылардың шығуы үшін тиімді. Олимпиадаға кім барады, соған жақпыз. Команда болып әзірлік жасауға көмектесіп, бір адамдай тер төгеміз. Әр мемлекетте бір салмақта тәжірибелі 3-4 палуан болса, жүлде алуға мүмкіндік те жоғарылайды. Осыған дейін ел құрамасында «мен, мен» деген шоқтығы биік палуандардың болғаны рас. Онымен ұдайы белдесіп, бабына кетпеуге себепші болатын командаластары боламаса, кейін құрлықтық, әлемдік сайыстарда тәжірибелі спортшылармен жолы түйіссе, дайын болмай шығады. Өз уақытында Нұрбақыт Теңізбаев, Бекжан Жарболов, Ербол Қоңыратов сынды үздіктер бірін-бірі шын қамшылайтын, – деді әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

 

 

Дата и время публикации: 
24.07.20
Новости
Наставник призёров Чемпионатов Мира и Чемпионов Казахстана не смог выиграть поединок с опасной болезнью.
12.08.2020
Усть-каменогорское «Торпедо» впервые в своей истории не примет участие в российском хоккейном сезоне.
11.08.2020
Если раньше усть-каменогорский волейбол славился наличием настоящей кубинской диаспоры, то теперь, похоже, в Усть-Каменогорске формируется диаспора сербская.
10.08.2020
Уроженец Усть-Каменогорска Антон Худобин провёл второй полный матч после возобновления сезона НХЛ и принёс «Даллас Старз» первую победу в групповом раунде.
10.08.2020
Острый конфликт между тренерами Восточно-Казахстанской школы высшего спортивного мастерства (ВКО ШВСМ) по зимним видам спорта и ее директором дошел до суда. Газета "Караван", похоже, "назначила" виновного в тезисе, вынесенном в заголовок.
07.08.2020
Ольга Рыпакова проводит сбор в Усть-Каменогорске с именитым персональным тренером.
07.08.2020