Главная

Бас бапкер Әлем чемпионатының өтетіндігіне күмәнді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен ерлер Ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев Бүкіләлемдік күрес әлемі жаһандық доданың өткізілуіне рұқсат берсе де, әлі нақты өтер-өтпестігіне күмәнмен қарауда.

Естеріңізге сала кетейік, UWW-дың атқарушы комитеті 12-20 желтоқсанда күрес түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионаты өтетіндігін мәлімдеген болатын. Барлық мемлекеттер қазіргі жаттығуларына білек сыбана кірісіп кеткен. Санаулы күндерден соң әр салмақта бәсекелестік қызып тұрған Ресей чемпионаты да өткізілмек. Осы ретте бас бапкер ұлттық олимпиадалық комитеті тарапынан «палуандарымыз жылдың маңызды додасына қатыса ма?» деген сауалға мынадай пікір білдірді.

Осы жылы жалауын көтеретін Әлем чемпионатының нақты өтетіні кеше ғана белгілі болды. Бұл жоспарымыздың барлығын өзгертуі әбден мүмкін. Бүгінге дейін дүниежүзілік біріншіліктің тағдыры бізге жұмбақ болғандықтан алдын ала бірнәрсе айтуы қиын еді. Ал күні кеше ведомствоаралық комиссиясының соңғы хаттамасына сәйкес қазақстандық спортшыларға шетелде жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салынып, Қазақстан чемпионатын өткізуге рұқсат берілді. Карантиндегі жоспарға мұны да кіргізбеген едік. Қазір жағдайды жіті қадағалап, әрі қарай жоспарды өзгертеміз. Ал Сербиядағы әлем чемпионатына қатысу, қатыспауымыз белгісіз. Ал бұл жағын ведомствоаралық комиссия шешеді. Егер рұқсат берсе, біз қатысуға дайынбыз, - дейді бас бапкер.

Фотосурет Wrestling.kz сайтынан

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
14.10.20
Новости
Итог выступлений атлетов ВКО в заключительный день соревнований.
24.01.2021
Риддерская суперстайерша с каждым годом бегает всё быстрее и быстрее, раз за разом увеличивая отрыв от преследовательниц.
24.01.2021
В Усть-Каменогорске завершена вечерняя соревновательная программа второго дня Чемпионата Казахстана
23.01.2021
Пятую золотую медаль Чемпионата Казахстана-2021 сборной ВКО приносит Михаил Горлов.
23.01.2021
Много баек ходит про человека-мема Чака Норриса, который творит невероятные вещи. Однако всё это – шуточные байки. С реальностью они не имеют ничего общего. А вот легкоатлеты ВКО творят невозможное вот уже второй вечер подряд.
23.01.2021
В первенстве страны по лёгкой атлетике среди спортсменов в возрасте до 18 лет разыграны медали утренней программы второго соревновательного дня.
23.01.2021