Главная

Бес дүркін әлем чемпионы балуандарымыз жайлы пікір білдірді

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда Алматыда грек-рим күресінен «Болат Тұрлыхановтың кубогі» өткен еді. Отандастарымыздың аяқ алысына әлемнің бес дүркін чемпионы Гоги Когуашвили бағасын берді.

Ел қоржынына түскен медал саны екеу. Көп болмаса да, біреуі алтын, біреуі күміс. Алтын 77 келі салмақтағы Асхат Ділмұхамедовтың еншісінде. Кім біледі, 60 келі салмақтағы Айдос Сұлтанғалидің жарақаты болмаса, бәлкім алтын алар ма еді? Бір анығы, ол жүлдеге де жететін күн алыс емес. Осындай көрсеткіштерге зер салсақ, нәтижені жаман дей алмаймыз. Бұл сөзімізді әлем бойынша үздік құрамаларың бірін жаттықтыратын ресейлік бапкер Гоги Когуашвили де растады. Zakon.kz сайтына берген сұхбатында, бапкерлігімен қатар, балуандығы бір басына жететін білікті маман қазақ балуандарымен санасу қажеттігін жеткізді. Осыдан 15-20 жыл бұрын Юрий Мельниченко, Мхитяр Манукян, Бахтияр Бейсейітов сынды аға буынның боз кілемде қарсылас шақ келтірмегенін айырықша атап өтті. Ал «Болат Тұрлыханов кубогіне» едәуір мықты команда әкелсе де, бірінен соң бірі жүлде алудың сәті түспегенін айта келе, турнир деңгейінің артқанын айтты.

 – Құрамада Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем чемпионаттарында атой салған спортшылар болды. Алайда оларға лайық қарсыластар шығып, кейбір балуандарым сайыспен біз күткеннен ерте қоштасты. Соның бір көрінісі деп, 77 келідегі Әлем чемпионы Александр Чехиркиннің Ділмұхамедовке жол бергенін айтсақ дәл болар. Бұл да бір сын болды. Шілде айында Еуропа ойындары күтіп тұр. Соған баратын құрама мүшелері де шамамен белгілі болғандай. Біз ғана емес, еуропалық өзге бапкерлер де шәкірттерін байқап алғандықтарына сенімім мол, – деді Ресей құрамасының бас бапкері.

Тәжірибелі жаттықтырушы тағы бір сөзінде, қыркүйек айында елімізде өтетін Әлем чемпионатында қазақстандық балуандардың жарқын белдесулер көрсететініне сенім білдірді. Бейжің Олимпиадасында қола медаль алған Нұрбақыт Теңізбаев пен екі дүркін Азия чемпионы Нұрмахан Тінәлиев сынды спортшылардың жетістігін Үржар ауданының тумасы Алмат Кебіспаевтың қайталап жүргенін атап кетті. Жетпей тұрғаны Олимпиада ойындарының медальі.

Естеріңізге сала кетейік, 67 келіде белдесіп жүрген Кебіспаев қазір де тұғырдан тайған жоқ. Әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегерін Нұр-Сұлтандағы әлемдік аламанда көріп қалуымыз бек мүмкін.

 

Материал Zakon.kz сайтының дерегімен әзірленді

Фото Ресей спорттық күрес федерациясынан алынды

Дата и время публикации: 
29.05.19
Новости
Күні кеше Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында мәресіне жеткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты отандастарымыз үшін сәтті аяқталып, спортшылар алты мәрте еліміздің Әнұранын шырқатты.
18.11.2019
Бүгін Жарма ауданының тумасы, грек-рим күресінен Сеул және Барселона Олимпиадаларының күміс жүлдегері, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановтың туған күні.
18.11.2019
В Усть-Каменогорске стартовал 3-ий сезон любительской хоккейной лиги «Кубок Дружбы», посвященной герою Советского Союза Тулегену Тохтарову.
18.11.2019
В элитном дивизионе Лиги Чемпионов Бизнеса, игры которого проходят в ФОКе села Глубокое, наконец-то прервалась игровая пауза, длившаяся почти месяц, и мы вновь увидели команды, которые бьются за первую в истории корону Суперлиги.
18.11.2019
Казахстанский легкоатлет сумел финишировать в десятке сильнейших в престижной международной шоссейной гонке.
18.11.2019
Сезон для Шэдрака Коеч продолжается. Недавно он помог легендарному кенийцу Кипчоге сделать историю. А теперь в Нидерландах попробует сделать это сам.
15.11.2019