Главная

Білікті маман жастарға сенім білдіруде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен еліміздің Ұлттық құрамасының кеңесшісі Майрбек Юсупов бүгін Болгарияда жалауын көтерген халықаралық турнирде еліміздің атынан бірқатар жас балуандардың белдесетінін жеткізді.

Wrestdag_rd парақшасына берген сұхбатында алдағы ірі додаларда  өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың әлеуеті жайлы айтып кетті. Неліктен ресейлік күрес парақшасына сұхбат берді десеңіздер, ол көп жылдар бойы Ресейде жаттықтырушы қызметін атқарды. Одан бөлек, сол елдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы деген лауазым алған. Білікті бапкер соңғы екі жыл көлемінде қазақстандық еркін күрес шеберлеріне кеңесші әрі бапкер болып жүр. Оның айтуынша, бүгін Болгарияның Русе шаһарында басталған «Дан Колов және Никола Петров» турниріне бапкерлер құрамы үздік спортшыларын апармаған екен. Себеп – Қытайда өтетін Азия чемпионаты. Сәуірдің соңында Сиань қаласында өтетін құрлықтық додаға ел құрамасы бірінші нөмірлі балуандарын апаруды көздейді. Сондықтан, Болгариядағы жарысқа барғандар дені жастар. Жас болғанда да, түрлі халықаралық додаларда жүлде алып, ысылғандар. Оның ішінде, 86 келі салмақта шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков ел намысын қорғайды. «Дан Колов» турнирі маңызы жағынан өзге ірі сайыстарға есе жібермейді. Себебі, мұнда жүлдеге іліккендеріне рейтингілік ұпайлар беріледі. Майрбек Юсупов айтқандай, Азия чемпионатына дайындық Белорусь елінің астанасы Минскіде болады. Онда Өзбекстан, Болгария, Мажарстан және өзге де Еуропа мемлекеттерінің спортшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиыны ретінде өтеді.

 

Материал wrestdag_rd дерегімен әзірленді

Дата и время публикации: 
28.02.19
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021