Главная

Бішкектен бес жүлдемен қайтты

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Жуырда Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен дзюдодан халықаралық жарыста семейлік спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ауқымды сайыста Семей спорт академиясының шәкірттері бақ сынаған еді. Тәжірибелі жаттықтырушы Еркебұлан Қосаев баптап апарған жас дзюдошылар барлық медальдар жиынтығын иеленді. Оның ішінде, 81 келі салмақтағы Жақсылық Жұмабеков пен 60 келідегі Ринат Сабиғалиев қарсылас шақ келтірмей, бірінші орын иеленді. Алтынға сынық сүйем қалғанда сүрінген 73 келі дәрежедегі Серікбол Естай мен 55 келідегі Ерсін Төлеуғазы екінші орынға жайғасса, 60 келіде татамиге беттеген Қайрат Кәрімов үздік үштікті қорытындылады.
Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Қосаев пен Өміртай Бексұлтановтың шәкірті Қуаныш Ратаев жуырда ғана Ресей жерінде өткен «Халықтар достығы» дәстүрлі турнирінде 81 келі салмақта қола медаль иеленген болатын.

Фото Семей спорт академиясының баспасөз қызметімен ұсынылды
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
29.12.18
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021