Главная

Биылғы біріншілік бұрынғыдан өзгеше

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионатында грек-рим күресі шеберлері өзара мықтыны анықтауда. Әзірге шығысқазақстандық спортшылар арасында 60 келіде Ернар Фидахметов пен үржарлық Алмат Кебіспаев финалға өтті. Әрине, Кебіспаевтың өңір атынан белдеспей жүргендегіне бірнеше жылдың жүзі болды. Дегенмен бұл мақалада «классиктер» емес, чемпионатта аймақ намысын абыроймен қорғаған еркін күрес шеберлері жайлы жазылмақ.

Алдымен 57 келіде зайсандық Мұхаммед Балғабай мен тарбағатайлық Сұлтан Құрманалиев белдесіп, қарсыластарына есе жіберді. Бұл салмақта ақмолалық Дәулет Теміржановтың мерейі үстем болды. Күміс медаль қарағандылық Жавохир Иристаевқа, қола жүлде жамбылдық Рахат Қалжан мен шымкенттік Ғабит Төлепбайға бұйырды. Келесі болып 61 келі салмақтың мықтылары өзара шеберлік байқасты. Ақтөбелік Нұрислам Санаев алғашқы айналымда шығысқазақстандық Мұхтар Сейітовпен жолықты. Осылай жазған орынды болар. Себебі Санаевтың жетістігі мен дәрежесінен қаймыққан Сейітовті байқамадық. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған ол тәжірибелі палуанды қапсыра ұстап, иіріп келіп лақтырды. Лезде жасалған әдіске ақтөбелік спортшы еш қарсылық көрсете алмай, жауырыны жер иіскеді. Дегенмен жерлесіміз жүлдеге іліге алмады. Бұйырғаны бесінші орын. Иә, бұл да жаман нәтиже емес.

Қайта жармалық Расул Қалиев үздік үштікті түйіндеп, өңір спортшыларының қоржынына алғашқы медальді әперді. Жартылай финалда 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адлан Асқаровпен жолы түйісіп, ұпай санымен есе жіберді. Десе де кіші финалда Қалиев жинақты белдесіп, қола медальға қол жеткізді. Ал сол салмақтың шешуші сынында атыраулық Саламат Маликовтан айласын асырды. Бұдан соң 65 келіде спортшылар өзара кім мықтыны анықтап, бұл ретте қызылордалық Дәулет Ниязбековке тең келері болмады. Бұл ретте Ниязбековке жол берген жерлесіміз Олжас Олжақанов кіші финалда қостанайлық Тимур Айтқұловтың осал тұсын тауып, бапкерлер сенімін ақтап, абыройын асырды. Шәкірттерінің әр белдесуін іштей талдап, тақымын қысатын бапкері Роллан Көксегенов осы кезде Олжастың белдесуіне оң бағасын беріп, қуанышымен бөліскен еді. Тіпті белдесу кезінде тиіс нұсқаулық, бағыт беремін дауысын да қарлықтырып алған. «Дауысты жоғалтқан да шығармын, алайда соның бәрі зая кетпепті» деп, жымия жауап қатты. Жарыс жолына 70 келі салмақтағы спортшылар беттеді. Бұл жолы атырлаулық Сырбаз Талғаттың екпініне шыдас беру мүмкін болмады. Жерлестерімізге жүлде бұйырмады. Күміс медаль шымкенттік Нұржан Сейітжанға бұйырса, үздік үштікті солтүстікқазақстандық Сұлтан Бейісов пен Алматы облысының өкілі Еркебұлан Тәңірбергенов түйіндеді. Келесі болып 74 келі салмақтың үздіктері анықталды. Көпшілік Қайсанов-Қайпанов-Бекжанов үштігінің текетіресін тамашалуға асықты. Дегенмен көкпектілік палуан жарақатына байланысты жарыс жолына шықпады. Сөйтіп 74 келінің шешуші сынында Нұрғожа Қайпанов қызылордалық Қанат Мұсабековты айқын ұтып, чемпион атанды. Бекжанов қола жүлдегер. Бұдан соң шығысқазақстандық спортшылардан семейлік Азамат Дәулетбековтің айдарынан жел есті. Ұпай санын алып қарасақ, 47:0. Қарсыластарына бірде-бір ұпай бермей, қоғадай жапырды. Шешуші сында Алматы облысының өкілі Дәулетқазы Есқалиға еш мүмкіндік бермеді. Жерлестеріміздің қоржынында әзірге бір алтын және екі қола медаль. Тағы бір жүлде 92 келі салмақта Шамиль Магамадовқа бұйырды. Жас та болса Шамильдің әр белдесуінен тыңғылықты әзірлігін байқауға болады. Ал бұл салмақта маңғыстаулық Эльхан Асадов үздік шықты. Еркін күрес шеберлерінің бәсекесін риддерлік Олег Болтин жарқын белдесуімен сенімді аяқтады. Алдымен Азия чемпионы Юсуп Батырмурзавты соңғы сәттерде жеңісті жұлып әкетіп қапы қалдырса, ары қарай шешуші сынға аптықпай жетті. Ол жерде павлодардық палуан, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайды айқын ұттты. Болтин де, Дәулетбеков те бабында. Қорытындылай келе, жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Әрине, мұндай жоғары нәтиженіңартында бапкерлік құрамның ерен еңбегі жатқаны сөзсіз. Ендеше, жерлестеріміздің жеңісті жолы арта түссін дейміз!

Фотосурет Роллан Көксегеновтің жеке парақшасынан

 

 

Дата и время публикации: 
25.11.20
Новости
Бұл жандар айлап, жылдап төккен терін бірнеше минутқа созылған белдесу барысында сарп қылып, бар мүмкіндіктерін паш етеді. Көпшілігінің қабағы жарылып, оқыс қимылдан соң еріндері қанап жатады. Ет қызуымен текетірес барысында бұған көңіл бөліп, «жарақат алдым» деп жатып алатындар некен-саяқ. Болса да мұндай жайттар қазақ палуандарын сырт айналып өтеді. Жаһандық жарыстардың бірінде жағы сынса да сағы сынбаған палуанның жанкештілігі жайында да сөз етпекпіз. Жалпы, қазір облыстағы грек-рим күресінің аяқ алысы қандай? Тарих қойнауына енген сәттерді қайта қазбалап, тілші көзқарасымен қазіргі уақыттағы үздік спортшылардың бірқатарына тоқталуды жөн көрдік.
28.01.2021
Сегодня в Кокшетау, Караганде и Павлодаре стартовал Кубок Казахстана по хоккею. Первый матч особой радости любителям хоккея Усть-Каменогорска не принёс.
27.01.2021
В «Клубе семикратных медалистов» пополнение!
27.01.2021
Домашние стены не помогли «Барысу» упрочить свои позиции в восьмёрке сильнейших команд востока КХЛ.
27.01.2021
В Актобе завершился теннисный турнир Азиатской теннисной федерации «ATF Junior 14 & under Grade 2. Всего в турнире приняли участие 64 спортсмена из различных регионов Казахстана.
27.01.2021
Шайба в пустые ворота «Бурана» окончательно сняла вопрос о победителе матча.
27.01.2021