Главная

Боксқа төнген қауіп сейілер емес

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қаншама жылдар бойы шаршы алаң бәсекесі Олимпиада ойындарының ажырамас бөлігі іспетті болып келді. Ал оның алдағы уақытта төртжылдықтың басты бәсекесінің бағдарламасына ену-енбеуі әлі талқылану үстінде.

Бұл сұрақтың төңірегінде еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті (ары қарай ҰОК) мен бокс Федерациясы қатты алаңдауда. Олар ғана емес, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) де «өзін қоярға жер таппай жүр». Себебі, ағымдағы жылдың қараша айында Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (АИБА) басшылығына тағайындалған өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов өз қызметін ойдағыдай атқара алмай жатқан көрінеді. Оның үстіне ҰОК өткен жылдың желтоқсанында АИБА-ны қаржыландырудан бас тартқан көрінеді. Әуесқой бокс федерациясының жағдайы осылай ушыға түсті. Гафур Рахимов 2018 жылдың қаңтарында уақытша АИБА президентінің міндетін атқарушы болып бекітілді. Қызметіне кіріскеннен кейін аз-кем уақыт өткен соң, ҰОК-тің атқарушы комитетінің Пхенчхандағы отырысында оның президенті Томас Бах дауыл алдындағы дабыл қақты. Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ҰОК-тің әуесқой бокс Федерациясына қойған талабы қанағаттандырылмапты. Қандай талап дегенде: басқару, қаражат, төрешілік және допинг бойынша. ҰОК боксты 2020-жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізу жағын әлі де қарастыратынын жеткізді.
Осыдан кейін Ұлттық Олимпиада комитетінің әуесқой боксқа шынайы алаңдаушылық білдіріп отырғандығын аңғаруға болады. Соның бір дәлелі ретінде, Томас Бахтың Индонезияда өткен Азия ойындарына арнайы келуі. Ол жерде еліміздің ҰОК пен бокс Федерациясының президенті Тимур Құлыбаевпен жолығып, аталмыш спорттың қазіргі жайы туралы сөз қозғалған-ды. Ал Томас Бахтың одан ары уақыты болса да, Гафур Рахимовпен жолығуға ниетті болмаған екен. Мұндай жайттардың бірнешеуі болды. Өршіп жатқан оқиғаларға қарап, өзбекстандық азаматтың шынайы бокс жанашыры немесе осы спорттың Олимпиада ойындары бағдарламасында қалуын қалайды деу қиын.
Еліміздің тарапынан осындай дау-дамайға пікірлер мен ұсыныстар білдіріп-ақ келеді. Оның бірі дәлелі – Серік Қонақбаевтың кандидатурасын АИБА президеттігіне ұсынған кезі. Қараша айында болған сайлауда Рахимов көп дауыс жинап, басшылыққа отырды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болса, істің әлі саябырси қоймағанын ескеріп, әліптің артын бағуда әзірге. Тағы бір айта кетерлік жайт, көптеген елдерде бокс бірқалыпты жүргізілуде. Тыңғылықты әзірліктер. Үмітсіз шайтан деген. Ел құрамасы да жаңа бапкермен (Ғалымбек Кенжебаев) жатпай-тұрпай жаттығу үстінде. Қайткенмен де, Олимпиада ойындарында отандастарымызға жүлде әперетін спорт түрі ғой.

Материал еліміздің бокс Федерациясы дерегімен әзірленді
Әділхан Есімханов

Дата и время публикации: 
29.12.18
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021