Главная

Болтин мен Дәулетбеков бақ сынайтын дода

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
86 және 125 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген жерлестеріміз Азамат Даулетбеков пен Олег Болтин қазан айында Норвегия жерінде өтетін Әлем чемпионатында бозкілемге беттейді.

Кезекті Олимпиада ойындары тарих қойнауына кетіп, семейлік палуанның салмағында үздіктердің есімі белгілі болды. Лицензиялық турнирдегі сәтсіздік Дәулетбековтың төртжылдықтың басты додасына жолын бөгегенімен, жаһандық аламандар өз жалғасын таба бермек. Бапкерлер семейлік еркін күрес шеберіне сенімін жоғалтаған. Не дегенмен елімізде өз салмағының көшбасшысы. Қазір дер шағында. Бабы келіссе әлемдік аламандар әлі талай қатысады деуге үміт мол. Олег Болтин соңғы Азия чемпионатында ешкімге дес бермеді.

Ендігі меже – Осло шаһарындағы Әлем чемпионаты. Оған баратын Ұлттық құрама мүшелері де анықталып қойған. Жас ерекшеліктеріне зер салсақ, көпшілігі ересектер сапына өткендеріне бірнеше жыл болған тәжірибелі палуандар. Айталық, Мейрамбек Қартбай, Әділ Оспанов, Адлан Асқаров, Сырбаз Талғат және тағысын тағы. Бапкерлер Токиодағы додадан соң жерлесіміздің (Азамат Дәулетбеков) бабын байқауды жөн көрген екен. Айтпақшы, қазір осы салмақта америкалық Дэвид Тэйлордың айдарынан жел есіп тұр. Ирандық Яздани да бабын жоғалтпаған, Жапониядағы бәсекеде күміске қол созды. Ресейден Найфонов жүлдегерлер үштігін тәмамдаса, енді бұлардың қатарына семейлік спортшының қосылу мүмкіндігі жоқ емес. Жарақаттар кедергі болмаса игі.

Жаһандық жарыс қазан айының 2-10 күндері өтпек. Еркін күрес парақшаларының бірінде Норвегия астанасына жол тартатын 10 палуанның есімі жарияланыпты:

1.Мейрамбек Қартбай (57 келі)

2.Адлан Асқаров (61 келі)

3.Әділ Оспанов (65 келі)

4.Сырбаз Талғат (70 келі)

5.Нұрғожа Қайпанов (74 келі)

6. Болат Сақаев (79 келі)

7. Азамат Дәулетбеков (86 келі)

8. Әділет Дауланбаев (92 келі)

9. Әлішер Ерғали (97 келі)

10. Олег Болтин (125 келі)

Дата и время публикации: 
01.09.21
Новости
ШҚО палуандары Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы республикалық турнирде төрт медаль иеленді.
22.09.2021
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021