Главная

Будапешттен жүлде бұйырмады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Шілденің 12-14 аралығында Мажарстан елінің астанасы Будапештте өткен дзюдодан кезекті әлемдік Гран-При додасынан шығысқазақстандық палуандарға жүлде алу мүмкін болмады.

Ел құрамасы 16 спортшымен өнер көрсетті. Барған татами шеберлерінің талайы байрақты бәсекелерде жүлде алып, көзге түсіп жүрген жандар. Бұл жолы бұрымдылар арасында жерлестеріміз татамиге шықпады. Есесіне ерлерден 66 келіде Ерлан Серікжанов және 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев өз мүмкіндігін байқады. Үржар ауданының тумасы алғашқы айналымдарын сәтті өткізді. Әсіресе екінші айналымда катарлық Айюб Елидрисиден алдымен вазари ұпайын алып, артынша ауырту әдісін сәтті жасады. Өкініштісі сол, үшінші белдесуінде Моңғолиядан келген Эрхембаяр Бадтогтохке күтпеген жерден есе жіберді. Негізгі уақыттың аяқталуына 16 секунд қалған тазаға түсіп қалып, жүлде үшін таласу мүмкіндігінен айырылды. Бұдан соң Серікжанов әлемдік рейтингіде сегізінші орынға сырғыды. Ал аса ауыр салмақтағы семейлік Ерасыл Қажыбаев болса, бірінші белдесуінде жарыс қожайыны Ричард Сипошке есе жіберіп, турнирмен тым ерте қоштасты. Жалпысында Ұлттық құрама мүшелері сайысты бір алтын және бір күміс медальмен аяқтады.

 

Фото халықаралық дзюдо федерациясы сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
15.07.19
Новости
Большое интервью с одним из символов любительского волейбола ВКО, стоявшего также у истоков создания профессионального клуба в Усть-Каменогорске, получилось весьма откровенным.
05.12.2019
Последний в этом году из марафонов Шанхайской Организации Сотрудничества состоялся в ходе праздничных выходных в Китае. Он оказался удачным для одного из казахстанских спортсменов.
04.12.2019
Ұлан ауданы орталығындағы «Модуль» спорт кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай дзюдодан 2006-2007 және 2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
04.12.2019
Глава World athletics завершил свой визит в столицу Казахстана большой пресс-конференцией.
03.12.2019
Увы, но молодёжная команда ВК «Алтай» не возглавит турнирную таблицу отечественного первенства Высшей лиги.
03.12.2019
Сегодня в Нур-Султане продолжилась череда больших спортивных событий. Прибытие в столицу Казахстана главы World athletics Себастьяна Коэ ознаменовалось проведением соревнований в рамках III Altay Kids Cup.
02.12.2019