Главная

Бүгін бұйырғаны үш жүлде

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы күрес түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бәсеке қызып тұр. Бүгін еркін күрестен 23 жасқа жастар арасындағы ел чемпионатында бес салмақтың үздіктері анықталды.

Бәрінен бұрын 70 келі салмақта екінші күннің алғашқы белдесулерінің бірін өткізген шығысқазақстандық Айдос Жылқайдаровқа тоқталған жөн болар. Риддер қаласының тумасы бақталастық артып тұрған салмақта өзін жақсы қырынан көрсете білді. Айдос алғашқы айналымда атыраулық Бекзат Жалғасовпен жолықты. Қарсыласынан бірнеше жас кіші болса да еш қаймықпай, жиі ұмтылумен болды. Тіпті бірінші кезеңде орындаған әдісі төрт ұпайға бағаланып, есепте алға шықты. Алайда тәжірибесі толысқан Жалғасов лезде сәтті әдістер жасап, өкшелеумен болды. Қуаныштысы сол, бапкерлер берген нұсқаулықты орындап, қорытындысында есеп 12:11 болып кілем қожайынының пайдасына шешілді. Екінші айналымда жолы өзінің жерлесі Досжан Әсетовпен түйісті. Бәлкім, жасы үлкен деп Досжанға жол беруді жөн көрген болар, тең дәрежеде өткен белдесу 1:3 есебімен Әсетовтың пайдасына шешілді. Өз кезегінде Досжан да жоғары дайындықпен келгенін байқатып, әр белдесуін сәтті өткізді. Соның ішінде, ширек финалда қарсыласынан төрт ұпайға ұтылып жатып, белдесу соңына қарай іштен іліп, қарсыласын төрт ұпаймен бағаланған әдіспен сан соқтырды. Оған қоса таза жеңіске жетті. Ал жартылай финалда алматылық Елдар Жолболсынмен жолығып, шиеленісті өткен текетіресте 2:1 есебімен басым шығып, финалға жолдама алды. Бұл ретте Досжанның финалға шығуы Айдос Жылқайдаровқа жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Тағы бір жерлесіміз, тарбағатайлық Олжас Олжақанов 65 келіде өзінен бірнеше жас үлкен тәжірибелі палуандардан әсте қаймықпай, жолындағысын бірінен соң бірін ұтты. Тіпті алғашқы белдесуін қарағандылық Асылжан Тоқтарханұлына қарсы өткізіп, 10:0 есебімен айқын ұтты. Жартылай финалда жамбылдық Диас Талғатұлымен жолығып, 3:2 есебімен айласын асырды. Сөйтіп, ақпанның 22-сі күні шешуші сында 65 және 70 келі салмақтарында шығысқазақстандық спортшылар бозкілемге беттейді.

Ал сайыстың алғашқы күнін қорытындылайтын болсақ, жерлестеріміз үш салмақта жүлдегер атанды. Атап айтсақ, 61 келіде Мұхтар Сейітов, 79 келіде Тілек Қабыкенов және 97 келіде Алмас Жүніс. Бұдан бөлек, 74 келіде қола медаль үшін көкпектілік Шыңғыс Мұхаметқалиев өнер көрсеткен болатын. Сыралғы қарсыласы жамбылдық Дәулет Ергешпен болған белдесу жиналған жұртты селт еткізбей қоймады. Белдесу соңына дейін бір спортшыға басымдық беру мүмкін болады. Алайда соңғы әдісті Ергеш орындап, қорытындысында 15:14 есебімен жеңіске жетті. Шыңғыс бұл жолы бесінші орынмен шектелді. Қаймығып, бармақ тістеудің еш жөні жоқ. Алда Тараз қаласында өтетін 2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді. Сол жерде жоғары нәтиже көрсетудің сәті түсер. Шығысқазақстандықтарға бүгінгі бұйырғаны үш жүлде.

Назарларыңызға 23 жасқа дейін ел чемпионатының алғашқы жарыс күнінің нәтижелерін ұсынамыз:

 

57 келі салмақ қорытындысы

1.Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы)

2.Дәулет Теміржанов (Ақмола облысы)

3.Еламан Қадырсейіт (Алматы қаласы)

3.Рахат Қалжан (Жамбыл облысы)

 

 61 келі

1.Асыл Айтақын (Алматы қаласы)

2.Акбар Құрбанов (Алматы облысы)

3.Адлан Асқаров (Алматы облысы)

3.Мұхтар Сейітов (ШҚО)

 

 74 келі

1.Нұрғожа Қайпанов (СҚО)

2.Дархан Есенғали (Алматы қаласы)

3.Рамазан Жауынтаев (Қызылорда облысы)

3.Дәулет Ергеш (Жамбыл облысы)

 

 79 келі

1.Мейір Көшкінбаев (Нұр-Сұлтан қаласы)

2.Мұратбек Мажитов (Ақтөбе облысы)

3.Тілек Қабыкенов (ШҚО)

3.Ерназар Асқар (Шымкент қаласы)

 

 97 келі

1.Серік Бақытханов (Қарағанды облысы)

2.Юнус Гафуров (Жамбыл облысы)

3.Нұркен Кубейсінов (Ақтөбе облысы)

3.Алмас Жүніс (ШҚО)

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
22.02.20
Новости
Ряд источников в мировой спортивной прессе продолжают гнать волну на лучшего лыжника в истории ВКО Алексея Полторанина. Теперь говорят о том, что он применял запрещённый метод и на Олимпийских Играх-2018.
10.04.2020
Сегодня в ежедневной российской спортивной газете «Спорт-Экспресс» вышло большое интервью с призёром Олимпийских Игр в Сочи сноубордисткой Алёной Заварзиной. Её рассказ о жизни после Сочи-2014 показался мне невероятно знакомым. И тут я вспомнил, что нечто подобное я слышал от казахстанской коллеги Заварзиной.
09.04.2020
Чем запомнилась дата 9 апреля в разные годы любителям спорта ВКО?
09.04.2020
Итоги жеребьёвки неофициального Чемпионата мира по смешанному волейболу – Кубка наций – прокомментировал глава Любительской Волейбольной Лиги ВКО Евгений Андреев.
08.04.2020
Вспомним, что происходило в этот день в восточно-казахстанском спорте в предыдущие годы.
07.04.2020
Глава Федерации лёгкой атлетики Казахстана Асхат Сейсембеков поделился своим мнением о том, что хотел сказать Касым-Жомарт Токаев своим нашумевшим «твитом».
06.04.2020