Главная

Данияр дайындығы жайлы ой бөлісті

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бірнеше ай бойы тыңғылықты әзірліктен қол үзіп, оқу-жаттығу жиыны кезінде қалай дайындық жүргізіп жатқандығы жайлы ой бөлісті.

Еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетіне берген сұхбатында жерлесіміз әзірлік барысын оң бағалады. Айтуынша, талай палуан осы аралықта бозкілемді айтарлықтай сағынып қалған.

Жиын өте жақсы өтуде. Салған жерден жаттықтырушыларымыз жүктемелер легін күшейтті. Дайындық кезеңін қатты сағынып қалыппын. Қайтадан қалыпты жаттығу жиындарына оралғаныма қуаныштымын. Күн сайын үш мәрте жаттығамыз. Алдағы жарыстарға қатысты қандай да пікір айту қиын. Жағдай тұрақталса халықаралық турнирлер басталады деген ойдамын. Шыны керек, тезірек бозкілемге шығып, өз салмағымның үздіктерімен белдескім келеді. Командаластарым да спорттық бабын жоғалтпаған. Спортшылар жаттығуды, бірін бірі сағынып қалған. Демалыс күндері бұрынғы еркін күрес балуаны, жерлесіміз Артем Резниковке жанкүйер болып, оның жеңісіне қуандық. Өзіміз жаттығып жатқан Шымкенттегі спорт базасы да көңілімнен шықты. Мұнда бірінші рет келіп отырмыз, - дейді Қайсанов.

Фотосурет Ұлттық олимпиадалық комитет сайтынан алынды

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
23.09.20
Новости
Қазір Күншығыс елінің бұрымдылары Токиодағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
30.10.2020
Будапешт қаласындағы әлемдік турнир мәресіне жеткен соң халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған рейтинг ұсынды.
30.10.2020
ВК «Алтай» уступил «Атырау» за право сыграть в финале Кубка Казахстана. Но едва ли кто-то сможет упрекнуть нашу команду в безволии.
28.10.2020
Сегодня состоялся очередной тур Чемпионата Казахстана по футболу Первой лиги.
28.10.2020
«Алтай» в финале Кубка Казахстана сыграет с «Жетысу». Получится ли у Бурхана Жанболата взять реванш?
28.10.2020
Алтайлық зілтеміршіні еліміздің ауыр атлетика федерациясының басшылығы, бапкерлер, сондай-ақ қалың жанкүйері құттықтауда.
28.10.2020