Главная

Данияр Қайсанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Көкпекті ауданының тумасы Үндістанда өткен сайыста құрлық көлемінде өзін теңдессіз екендігін тағы бір дәлелдеді.

 Нью-Дели қаласында алдымен грек-рим күресінің шеберлері, артынша әйелдер күресі бойынша үздіктер анықталған болатын. Ақпанның 22-сі күні бозкілемге еркін күрес шеберлері беттеді. Данияр Қайсанов аталмыш сында 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі өткен жылғы Азия чемпионы есебінде өнер көрсетті. Жерлесіміз алдымен Ирак елінің өкілі Карам Шахир Махмудты 10:0 қылып, жартылай финалда жапон спортшысы Даичи Такатаниді 9:4 есебімен тізе бүктірді. Ал шешуші сында бозкілем қожайыны Джитендер Джитендермен жолықты. Төреші ысқырығынан соң бірден алға ұмтылған үндіс палуаны күш жағынан Даниярға еш есе жібермеді. Дегенмен қарсыласын күтіп алып барып шабуылға шыққан шығысқазақстандық спортшы біртіндеп ұпайын түгендеумен болды. Белдесу соңына қарай Джитендер қарқынын күшейтіп, Қайсановтың артына шығуға ұмтылды. Алайда жерлесіміз белдесуді бақылауына алып, 3:1 есебін сақтап қалды. Осылайша көкпектілік палуан былтыр Қытайдың Сиань қаласында өткен құрлықтық чемпионаттағы жеңісіне тағы бір алтын медаль қосты. Мейірбек Байжанов пен Әлібек Нүкенов баптайтын палуанымыз жуырда ғана ресми түрде Нұр-Сұлтан қаласында Әлем чемпионатының 74 келі салмақтағы қола жүлдегері атанғанын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
24.02.20
Новости
Игровое время нашего воспитанника значительно изменилось.
19.09.2020
Любители хоккея Усть-Каменогорска должны сказать спасибо «Барысу» за отсрочку сезона, ибо такое начало выступлений в PHL было бы кошмаром.
19.09.2020
Открылась регистрация на «Qaragangy marathon 2020».
18.09.2020
Кошелев может уже завтра сыграть с одним из своих бывших клубов.
18.09.2020
Очередной товарищеский матч казахстанского флагмана в рамках сбора в Турции.
18.09.2020
Бүгін Германияның Мюнхен қаласында біршама спортшыны тыйым салынған препаратпен қамтамасыз еткен неміс дәрігері Марк Шмидтке қатысты сот ісі басталды.
17.09.2020