Главная

Данияр Қайсанов Әлем чемпионатына қатысуға әзір

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бұл туралы көкпектілік еркін күрес шебері ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында мәлімдеді.

UWW күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионатының Сербияда өтетінін ресми түрде мәлімдесе де бас бапкер Әсет Серікбаев бұл тұрғыда әлі де болса қиындықтар туындап қалуы мүмкін екендігін жеткізген еді. Енді палуандар пікірін білудің де сәті түскен екен.

Әлем біріншілігіне қатысуға рұқсат етсе, біз күресуге қашанда дайынбыз. Сегіз айдан бері ешқандай жарысқа қатыспадық. Бұл кәсіби спортшы үшін үлкен үзіліс әрі бабын ұстап тұруға кедергі жасайды. Қараша айында ел чемпионаты ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл да қуанышты жайт. Осыған дейін көптеген елдер ішкі біріншілігін өткізіп тастады. Осы тұрғыда палуандардың барлығы жарыс өтетін күнді асыға күтіп жүр. Ал жаттығу жиындарына келсем, Шымкенттегі дайындық ойдағыдай өтті. Оңтүстік өңірдің күн райы да, базаның жағдайы да көңіл қуантарлық. Алған әсеріміз оң, - деді Қайсанов.

Фотосурет 7news.kz сайтынан

 

 

Дата и время публикации: 
16.10.20
Новости
Қазір Күншығыс елінің бұрымдылары Токиодағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
30.10.2020
Будапешт қаласындағы әлемдік турнир мәресіне жеткен соң халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған рейтинг ұсынды.
30.10.2020
ВК «Алтай» уступил «Атырау» за право сыграть в финале Кубка Казахстана. Но едва ли кто-то сможет упрекнуть нашу команду в безволии.
28.10.2020
Сегодня состоялся очередной тур Чемпионата Казахстана по футболу Первой лиги.
28.10.2020
«Алтай» в финале Кубка Казахстана сыграет с «Жетысу». Получится ли у Бурхана Жанболата взять реванш?
28.10.2020
Алтайлық зілтеміршіні еліміздің ауыр атлетика федерациясының басшылығы, бапкерлер, сондай-ақ қалың жанкүйері құттықтауда.
28.10.2020